Galaxy Line GL 0401 [17/22] Жұмысқа дайындау

Galaxy Line GL 0401 [17/22] Жұмысқа дайындау
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы материа-
лын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз.
Жиынтықты тексеріңіз және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз
жеткізіңіз. Корпусты алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен
сүртіңіз. Шәйнекті қолданудың алдында оны сумен толтыру, қайнату, төгу
және осыны қайта жасау қажет. Осыдан кейін шәйнек қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Қуат беру желілері параметрлерінің құралда көрсетілген деректер-
ге сәйкестігін тексере отырып қуат беру баусымының істікшесін желіге
қосыңыз. Қойғышты тегіс орнықты бетке орнатыңыз. Шәйнекті сүзгі
арқылы таза сумен толтырыңыз және қойғышқа орнатыңыз. Шәйнектегі
ажыратқышты «ҚОС» (I) күйіне ауыстырыңыз. Су қайнағаннан кейін
шәйнек автоматты түрде сөнеді. Осыдан кейін суды шәйнектен тостағанға
немесе қажет болған жағдайда демдеуіш шәйнекке құюға болады.
Қақпағын ашпай-ақ шүмек арқылы құю керектігіне назар аударыңыз.
Аталған құрал демдеуіш шәйнекке арналған жылыту атқарымына
ие. Аталған атқарымды іске қосу үшін демдеуішпен шәйнекті сур.
1 көрсетілгендей етіп қойғышқа орналастырыңыз, және жылыту
атқарымының ажыратқышын «ҚОС» (I) күйіне ауыстырыңыз. Аталған
атқарымды ажырату үшін жылыту атқарымының ажыратқышын «АЖЫР»
(0) күйіне ауыстырыңыз.
сур. 1
Егер шәйнек лық толы болса, қайнаған су сыртқа лақтырылуы мүмкін.
Құралдың беті қолданудан кейін ыстық болып қалады.
ЕСКЕРТУ: Су қайнағанша дейін қақпақты ашпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Шәйнекті қойғыштан алу кезінде оның беті аздап дымқыл болуы
мүмкін. Бұл шәйнекті автоматты сөндіру механизмі іске қосылған кезде
оның ішіндегі будың біраз бөлігі құрал корпусындағы арнайы саңылау
арқылы шығуымен түсіндіріледі. Осылайша, қойғышта ылғалдың аз
мөлшерінің болуы қате жұмыстың нәтижесі немесе өндірістік ақау болып
табылмайды.

Содержание

Скачать