Galaxy Line GL0307 [21/22] Қызметтік мерзімі

Galaxy Line GL0307 [21/22] Қызметтік мерзімі
KAZ
21
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бүлінулерге жол бермеу үшін бұйымды тек зауыттық қаптамада
тасымалдаңыз. Тасымалдаудан және бұйымды төмендетілген температурада
сақтаудан кейін оны бөлме температурасында кем дегенде екі сағаттай ұстау
қажет. Сақтаудың және қайтадан пайдаланудың алдында құралдың барлық
бөліктерін тазалаңыз және толықтай құрғатыңыз. Құралды құрғақ салқын
орында, +0-ден +40 °С-қа дейінгі температура кезінде және 80%-дан аспай-
тын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында , балалар мен жануарларға
қолжетімсіз жерлерде сақтау ұсынылады. Бұйымды тасымалдау, тиеу, түсіру
және сақтау кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта айтылғандардан
басқа, келесі талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасы бүтіндігінің бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін әлеулі механикалық жүктемелерге бұйымды
ұшыратуға тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп кетуіне
жол бермеу қажет. Бұрын пайданудан болған бұйымды тасымалдаудың
немесе теріс температурада сақтауға берудің алдында бұйымда судың
жоқтығына көз жеткізу қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары
керек. Бұйымды температураның елеулі айырмаларынан және күннің тікелей
сәулелерінің әсерінен қорғаңыз.
9.1 Кәдеге жарату
Электр құралдарын қате кәдеге жарату қоршаған ортаға орны толмас
зиян келтіреді. Ақаулы электр құралдарын тұрмыстық қалдықтармен
бірге лақтырмаңыз. Осы мақсаттар үшін электр құралдарын
мамандандырылған кәдеге жарату бекетіне жүгініңіз. Сіз электр
құралдарын қабылдау бекеттерінің мекенжайларын Сіздің қалаңыздағы
муниципалдық қызметтерден ала аласыз.
10 ҚЫЗМЕТТІК МЕРЗІМІ
Құралдың қызметтік мерзімі 3 жылды құрайды.
Дайындаушы–компания сатып алушылардың назарын бұйымды
тұрмыстық мұқтаждықтардың аясында пайдалану және осы пайдала-
ну жөніндегі нұсқаулықта келтірілген қолдану ережелерінің сақталуы
кезінде бұйымның қызметтік мерзімінің осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
айтарлықтай асып кететіндігіне аударады. Дайындаушы-компания өзіне
бұйымның пайдаланушылық сапасын нашарлатпайтын құрылымы мен
жиынтықтылауына өзгерістер енгізу құқығын қалдырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымды сатып алу кезінде жиынтықтылықты және
жарамдылықты, сонымен бірге кепілдік талонының дұрыс толтырылуын
тексеріңіз.
11 ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ
Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз.
Міндетті түрде авторландырылған сервистік орталыққа баруды ұсынамыз.
12 ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
Сіздің назарыңызды кепілдікті мерзімінің ішінде келесі шарттардың
сақталулары кезінде электр құралының тегін сервистік қызмет көрсетуге
немесе жөндеуге қабылданатын болатындығына аударамыз: Кепілдікті
міндеттемелер онда сатылған күні, сериялық нөмірі, сатушы ұйымның
мөрі (мөртабаны), сатушының қолтаңбасы көрсетілумен кепілдік талоны
дұрыс толтырылған кезде жүзеге асырылады. Сізде дұрыс толтырылған
кепілдік талоны болмаған кезде біз Сіздің аталған бұйымның сапасы бой-
ынша талаптарыңыздан бас тартуға мәжбүр боламыз. Түсінбеушіліктерге
жол бермеу үшін Сізден бұйыммен жұмысты бастаудың алдында пай-
далану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығуды өтінеміз.
Сіздің назарыңызды бұйымның тек тұрмыстық тағайындалуына ау-
дарамыз. Кепілдік шарттары иегердің үйінде кезеңдік техникалық
қызмет көрсетуді қарастырмайды. Осы кепілдікті шарттардың құқықтық
негіздемесі Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасы, әсіресе,
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Федералдық заңы және
Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі болып табылады. Бұйымның
кепілдікті мерзімі 24 айды құрайды. Бұл мерзім бөлшек желі арқылы
сатылған күнінен бастап саналады. Біздің кепілдікті міндеттемелер
кепілдікті мерзімнің ішінде анықталған, және өндірістік, технологиялық
және конструктивтік, яғни, дайындаушы-компанияның кінәсі бойынша жол
берілген ақаулармен шарттас ақаулықтарға ғана таралады.
12.1 Кепілдікті міндеттемелер келесілерге таралмайды:
12.1.1 Келесілердің нәтижесінде орын алған ақаулықтарға;
- қолданушы арқылы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы нұсқамалардың
сақталмауы;
- сыртқы немесе кез келген басқа әсермен шақырылған механикалық
бүлінулерге;
- бұйымды тағайындалуы бойынша қолданбауға;
- бұйымға жаңбыр, қар, жоғары ылғалдылық, қызу, агрессивтік орта-
лар, электр желісінің қуат беруші параметрлерінің пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сәйкессіздігі секілді жағымсыз атмосфералық
және сыртқы әсерлерге;
- аталған үлгінің технологиялық құрылымында қарастырылмаған,
өндірушімен ұсынылмаған немесе мақұлданбаған керек-жарақтардың,
шығын материалдарының және қосалқы бөлшектердің қолданылуына.
12.1.2 Уәкілетті емес тұлғалармен ашуға, жөндеуге немесе түрлендіруге
ұшыраған бұйымға.
12.1.3 Келесідей бұйымды лайықсыз қолданудың немесе сақтаудың сал-

Содержание

Скачать