Galaxy GL 0320 [17/22] Шәйнектің қақпағын қақпақты ашуға арналған батырманы 2 басумен

Galaxy GL 0320 [17/22] Шәйнектің қақпағын қақпақты ашуға арналған батырманы 2 басумен
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Жұмыс тәртібі
● Қуат беру баусымын (5) толықтай тарқатыңыз;
Ескерту – Қуат беру баусымын (5) ол қандай да болмасын қызуушы бет-
терге жанаспайтындай етіп орналастырыңыз. Қуат беру баусымының (5)
ұзындығын оны қойғыштың (7) төменгі бөлігінде орналасқан қуат беру
баусымына арналған бөлікке орау жолымен кемітуге болады;
• Қойғышты (7) розеткіге жақын қашықтықта тегіс бетке орнатыңыз;
• Қуат беру баусымының (5) ашасын электр желісінің розеткісіне қойыңыз;
• Шәйнектің қақпағын қақпақты ашуға арналған батырманы (2) басумен
ашыңыз;
• Шәйнекке ішетін су құйыңыз. Су деңгейі су деңгейінің максималды (10)
және минималды (11) белгілерінің арасында болуы керек;
• Шәйнектің қақпағын (1) жабыңыз;
• Шәйнекті қойғышқа (7) орнатыңыз;
Ескерту Электр құралын қойғышқа (7) орнатудың алдында
ажыратқыштың (3) «0» (сөндірулі) күйінде тұрғандығына көз жеткізіп
алыңыз.
• Ажыратқышты (3) «І» (іске қосулы) күйіне ауыстыра отырып құралды іске
қосыңыз, жұмыс индикаторы (6) жанады, және шәйнек суды қайнатуын
бастайды;
Ескерту Егер шәйнек бос немесе ондағы су минималды деңгей
белгісінен төмен болса, онда оны іске қосу кезінде автоматты сөндірілу
іске қосылатын болады. Бұл жағдайда құралдың суығанын тосыңыз, оған
су құйыңыз және оны қайта іске қосыңыз.
• Су қайнағаннан кейін шәйнек автоматты түрде сөндіріледі, ажыратқыш
(3) «0» (сөндірулі) күйіне қайтып оралады, және жұмыс индикаторы (6)
сөнеді;
Ескерту – Қажет болған жағдайда Сіз құралды оның қайнауына дейін
ажыратқышты (3) «0» (сөндірулі) күйіне ауыстырумен сөндіре аласыз.
• Шәйнектен суды құю үшін оны қойғыштан (7) алыңыз және оны ыдыстың
үстіне еңкейтіңіз.
Ескерту – Шәйнекті қойғыштан (7) алу кезінде оның беті аздап дымқыл бо-
луы мүмкін. Бұл шәйнекті автоматты сөндіру механизмі іске қосылған кезде
оның ішіндегі будың біраз бөлігі құрал корпусындағы (8) арнайы саңылау
арқылы шығуымен түсіндіріледі. Осылайша, қойғышта (7) ылғалдың аз
мөлшерінің болуы қате жұмыстың нәтижесі немесе өндірістік ақау болып
табылмайды.
• Қуат беру баусымының (5) ашасын розеткіден шығарыңыз.
7.2 Ұсыныстар
Жиналушы қақтардың мөлшерін азайту үшін:
• Шәйнекті әрбір қоллданудан кейін барлық суды ағызыңыз;
• Сумен толтырылған шәйнекті түн бойы қалдырмаңыз;
• Сүзіп тазартылған суды қолданыңыз.

Содержание

Скачать