DELVENTO V30H20S005 Руководство по эксплуатации онлайн [74/95] 796156

DELVENTO V30H20S005 Руководство по эксплуатации онлайн [74/95] 806034
KZ
74
Назар аударыңыз!! Газдың иісі шыққан кезде газ беру негізгі
кранын, құрылғының барлық крандарын жауып тастау қажет.
Сонымен қатар терезелерді ашып, газдың шығу себебі жойылғанға
дейін, отқа байланысты ешқандай әрекеттер жасамау қажет: шірпі
тұтатпаңыз, темекі шекпеңіз,электр құрылғыларды және жарықты
қоспаңыз және сөндірмеңіз. Газдың шығу себебін жою үшін, жедел
түрде апаттық газ қызметін шақырыңыз.
Құрылғы жұмыстында техникалық ақаулар туындаған
жағдайда, жедел түрде электр қуатын сөндіріп, газ беру
негізгі кранын, конфоркалардың барлық крандарын жауып
тастаңыз және газ қызметінің өкілін шақырыңыз.
Мезгіл-мезгіл (кемінде жарты жылда бір рет) электр қуаты
сымының және газ жеткізу иілгіш құбыршегінің күйін тексеріп
тұрыңыз. Қандай да бір ақауларды (сызат түскен болса, балқу
іздері болса) анықтаған жағдайда, бірден қызмет көрсеті
орталығына жүгініңіз.
Газ жеткізу иілгіш құбыршегін ауыстыру, тек газ жабдықтарын
орнатуға және қызмет көрсетуге құқығы бар арнайы ұйымдардың
қызметкерлерімен ғана жүзеге асырылады.
Май мөлшері көп тағамдарды дайындау барысында ерекше
абай болыңыз, себебі ол оңай тұтанады.
Назар аударыңыз!! Жанып жатқан майды сумен сөндіруге
болмайды! Мұндай жағдайларда жанып жатқан ыдысты қақпақпен
бүреп жабу қажет.

Содержание

Похожие устройства