DELVENTO V30H20S005 [92/95] Ақауларды жою

DELVENTO V30H20S005 [92/95] Ақауларды жою
KZ
92
Техникалық қызмет көрсету және тазарту
Техникалық қызмет көрсету немесе тазарту алдында, резеткеден
штепсельдік айырды суырып алыңыз. Егер панель ыстық болса,
оның суығанын күтіңіз.
1. Құрылғының ұзақ мерзім қызмет етун қамтамасыз ету үшін,
оған тұрақты түрде техникалық қызмет көрсетіп және тазалап тұру
керек.
2. Панельді тазарту үшін қылшақ, сымды губка немесе
пышақ сияқты қатты заттарды пайдаланбаңыз. Абразивті
заттарды, қышқылдарды немесе күйдіргіш жуу құралдарын
пайдаланбаңыз.
3. Сабынды ерітіндіге батырылған майлықпен панельді сүртіңіз
және сумен шайыңыз, содан соң мұқият құрғатып сүртіңіз.
4. Шыны беттерді шыны тазартуға арналған арнайы құралдармен
тазалаңыз. Шыны беттердегі сызықтар шынының жарылуына
алып келеді, сол себепті оларды тазалау үшін абразивті тазалау
құралдарын немесе үшкір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз.
5. Панельді бутазалағышпен тазаламаңыз.
6. Қақ жарғыштар мен конфоркалардың қақпақтарын сабынды
сумен жуыңыз және жұмсақ қылшақтың көмегімен тазартыңыз.
7. Панельді тазалау үшін ешқашан қышқылдарды, еріткіштерді,
керосинді және басқа да жанғыш заттарды пайдаланбаңыз.
8. Плитаның пластик және алюминий бөлшектерін ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз.
9. Плитаны бетіне төгілген лимон қышқылынан, сірке судан,
тұздан, коладан және басқа да қышқылды және сілтілі заттардан
мейілінше тез тазалаңыз.
10. Уақыт өте келе басқару панелінің тұтқалары қиын бұралуы
мүмкін, оларға қызмет көрсету үшін қызмет көрсету орталығына
жүгініңіз.
Ақауларды жою
Техникалы қызметке жүгінер алдында, Сіз келесі тармақтарды
тексере отырып, құрылғыда туындаған мәселелерді шеше
аласыз.

Содержание

Похожие устройства