Galaxy Line GL4302 [16/22] Электр құралын сақтауға алып тастаудан бұрын оның суынуын

Galaxy Line GL4302 [16/22] Электр құралын сақтауға алып тастаудан бұрын оның суынуын
KAZ
16
16
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4.15 Жиынтыққа кіретін саптаманы ғана қолданыңыз.
4.16 Электр құралын сақтауға алып тастаудан бұрын оның суынуын
тосыңыз. Қуат беру баусымын электр құралы корпусының айналасына
орамаңыз.
4.17 Ауа айналымы өтетін саңылауды жаппаңыз, сонымен бірге қосылған
фенді жұмсақ беттерге қоймаңыз, мәселен, төсекке немесе диванға,
киімдерге, себебі желдеткіш саңылау жабылып қалуы мүмкін.
4.18 Электр құралын ылғалды ортадан немесе электр құралына қандай
да болмасын сұйықтықтардың шашырандылары тиіп кетуі мүмкін болатын
жерлерде қолданбаңыз.
Электр құралын жуыну бөлмесінде, хауыздардың немесе басқа да су
көздерінің маңында қолдану ұсынылмайды.
4.19 Ыстық ауа ағынын көздерге, қолдарға немесе әсіресе ыстық ауаға
сезімтал дененің басқа бөліктеріне бағыттамаңыз.
4.20 Қуат беру баусымын қызу көзінен, майдан және өткір заттардан алыс
ұстаңыз.
4.21 Бұйыммен жиынтықта жеткізілмеген керек-жарақтарды қолдану
қауіпті болуы және бұйымның істен шығуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.22 Қосымша қорғау үшін ванна бөлмесіндегі электр қуат беру тізбегіне
30 мА аспаушы атаулы іске қосу тоғымен қорғаныс ажырату құрылғысын
(ҚАҚ) орнату дұрыс болады. Білікті маманға кеңес алу үшін жүгіну керек.
4.23 Фенді ванна бөлмесінде қолдану кезінде құралды қолданудан кейін
желіден ажырату қажет, өйткені судың жақындығы тіпті фен сөндірулі
кезде де қауіп төндіреді.
4.24 Бұйыммен жиынтықта жеткізілмеген керек-жарақтарды қолдану
қауіпті болуы және бұйымның істен шығуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.25 Құрал суға түсіп кеткен жағдайда ашаны электр розеткіден шығарумен
оны тез арада электр желісінен ажыратыңыз. Бұл ретте ешбір жағдайда
суға қолдарыңызды салмаңыз. Құралды одан әрі қолдану мәселесі бойынша
авторландырылған сервистік орталыққа жүгініңіз.

Содержание

Скачать