Brayer BR1185 [28/36] Қауіпсіздік шаралары және пайда лану бойынша нұсқаулық

Brayer BR1185 [28/36] Қауіпсіздік шаралары және пайда лану бойынша нұсқаулық
28
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДА-
ЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны пайдаланар алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң,
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып саналмайды.
Кофеүккіш сүт көбігін дайындауға, кофе дәндерін
ұсақтауға арналған, кез-келген жармаларды
немесе дәнді дақылдарды, құмшекерді немесе
кесек қантты ұсақтау үшін құрылғыны пайдалануға
тыйым салынады.
Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
Кофеүккіштің жұмыс циклі ұзақтығы 45 секунд-
тан аспауы керек.
Капучинатордың жұмыс циклінің ұзақтығы 60
секундтан аспауы керек.
Кофе дәндерінсіз құрылғыны қосуға тыйым
салынады.
Қақпақты шешіп алыңыз және пышақтар толық
тоқтатқаннан кейін ғана ұнтақталған кофені
алыңыз.
Сүт көбігін дайындаған кезде әрқашан сүт мөл-
шерін бақылаңыз, саптамаға 140 мл-ден астам
сүт құймаңыз.
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
Электр желісіне қосылған кофеүккішті қараусыз
қалдырмаңыз.
Құрылғыны жылытатын аспаптардың, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей қасында пайда-
ланбаңыз.
Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
Құрылғыны ас үй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
Құрылғы суға құлап кеткен жағдайда дереу желі
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады. Құрылғыны тексерту немесе жөндету
үшін сервис орталығына жүгініңіз.

Похожие устройства

Скачать