Brayer BR3305 [28/32] Жеткізілім жиынтығы

Brayer BR3305 [28/32] Жеткізілім жиынтығы
28
KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Аспапты жуынатын бөлмеде, душта,
бассейнде ж. т. б. жерлерде судың
қасында пайдалануға болмайды.
Ескертпе:
- егер құрылғыны пайдаланбасаңыз, оны үнемі
сөндіріп отырыңыз және электр розеткасынан
қуаттандыру баусымының ашасын (8) суырып
алыңыз.
- қосылған мультистайлерді ешқашан қараусыз
қалдырмаңыз.
Ірі иірімдерді, қолмен біршама ұсақтарға бөліңіз.
Шаш иірімдерін реттеп болған соң, оларды шашқа
арналған лакпен бекітіңіз.
Ескертпе: мультистайлерді бірнеше рет қолданған-
нан кейін, сіз шаш иірімдерінде қызықты толқындар-
ды сенімді жасай алатын боласыз, шашты реттеудің
мұндай тәсілін негізгі ретінде ғана емес, басқа
шаш сәндеу түріне де қосымша ретінде қолдануға
болады.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Тазаламас бұрын, мультистайлерді өшіріңіз,
қуаттандыру баусымының ашасын (8) электр
розеткасынан суырып алыңыз да, оны толығымен
суытыңыз.
Құрылғыны, қуаттандыру баусымын (8) және
қуаттандыру баусымының ашасын (8) суға немесе
кез-келген басқа сұйықтықтарға салуға тыйым
салынады.
Құрылғының корпусын және жұмыс элементтерін
(3) тазалау үшін, абразивті тазалау құралдарын
немесе еріткіштерді пайдалануға тыйым
салынады.
Мультистайлерді сәл дымқыл жұмсақ матамен
сүртіп, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
САҚТАУ
Құрылғыны сақтауға алып қою алдында, оны
толық суытыңыз және тазалаңыз.
Қуаттандыру баусымын (8) құрылғының корпусына
орамаңыз, себебі бұл оның зақымдалуына немесе
құрылғының корпусына зақым келтіруі мүмкін.
Құрылғыны салқын және құрғақ жерде,
балалардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың
қол жетімсіз жерінде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
1. Мультистайлер — 1 дн.
2. Нұсқаулық — 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Қуаттандыру кернеуі: 220-240 В, ~50/60 Гц
Номиналды тұтыну қуаты: 105 Вт
Скачать