Brayer BR1304 Руководство по эксплуатации онлайн [38/44] 796812

Brayer BR1304 Руководство по эксплуатации онлайн [38/44] 796812
38
KZ
Қондырмаларды (11) немесе бұлғауыштарды (12)
ұстап тұрып, батырманы (2) басыңыз және қонды-
рмаларды шешіп алыңыз.
Ескертпе: - қондырмаларды жұмыс режимдерінің
ауыстырғышы (3) күйіне «0» орнатылған жағдайда
ғана ажыратуға болады.
Тостағанды (9) шешіп алыңыз және оның ішінен
өнімдерін шығарыңыз.
Пайдаланылған қондырмаларды (11 немесе 12)
және миксер остағанын (9) тазалаңыз.
ТАЗАЛАУЫ МЕН КҮТІМІ
Құрылғыны сөндіріңіз және қуаттандыру бауының
ашасын электр розеткадан суырып алыңыз.
Қондырмаларды (11) немесе бұлғауыштарды (12)
ұстап тұрып, батырмаға (2) басыңыз және қондыр-
маларды ажыратыңыз.
Қондырмаларды (11 немесе 12) бейтарап жуу
құралы бар жылы сумен жуып, содан кейін
кептіріңіз.
Тостағанды (9) бейтарап жуу құралы бар жылы
сумен жуып жіберіңіз, содан кейін кептіріңіз.
Қол миксерінің корпусын (1) және негізді (8) сәл
дымқыл жұмсақ матамен сүртіңіз, содан соң
құрғатып сүртіңіз. Қол миксері корпусына (1) судың
тиюін болдырмаңыз.
Миксердің корпусын (1), негізін (8), қуаттандыру
бауын және қуаттандыру бауының ашасын суға
немесе кез-келген басқа сұйықтықтарға салуға
тыйым салынады.
Құрылғыны және қондырмаларды тазалау үшін,
металдан жасалған жөкелерді, абразивті тазалау
құралдарын немесе еріткіштерді пайдалануға тый-
ым салынады.
САҚТАЛУЫ
Құрылғыны сақтауға алып қоярдан бұрын, оны
тазалап алыңыз.
Қуаттандыру бауын миксердің корпусына орауға
тыйым салынады.
Құрылғыны салқын және құрғақ жерде, балалар-
дың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
1. Миксер – 1 дн.
2. Қамыр илеуге арналған қондырмалар – 2 дн.
3. Бұлғауға арналған бұлғауыш – 2 дн.
4. Миксер тостағаны – 1 дн.
5. Негіз – 1 дн.
6. Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электр қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50 Гц
Номиналдық тұтыну қуаттылығы: 500 Вт

Похожие устройства

Скачать