Galaxy Line GL0709 Black [17/21] Жұмысқа дайындау

Galaxy Line GL0709 Black [17/21] Жұмысқа дайындау
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Электр құралын қораптан шығарыңыз
және қаптаушы материалды (бар болған жағдайда) алып тастаңыз.
Құралдың корпустан басқа барлық бөліктерін және керек-жарақтарын
таза сумен жууыңыз. Корпусты таза дымқыл матамен сүрту керек.
Электр құралының барлық бөліктерін құрғатып сүртіңіз және тек суды ғана
қолдана отырып, кофені сүзгіге сеппей толық жұмыс циклін жүргізіңіз. Ре-
зервуарды максималды белгіге дейін сумен толтырыңыз, көп реттік сүзгінің
контейнерге орнатылғанына көз жеткізіңіз және құмыраны жылытуға
арналған тіреуішке орнатыңыз. Электр құралын желіге қосыңыз және
ажыратқышты «І» күйіне орната отырып кофеқайнатқышты іске қосыңыз.
Осыдан кейін резервуарда су қалмаған кезде, кофеқайнатқышты сөндіріңіз,
электр құралын суытыңыз және құмырадағы суды төгіңіз.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Электр құралын тегіс, орнықты бетке орнатыңыз. Суға арналған
резервуардың қақпағын ашыңыз, оны қажетті деңгейге дейін таза ауыз су-
мен толтырыңыз және қақпағын жабыңыз. Сүзгімен контейнердің қақпағын
ашыңыз, сүзгіге ұнтақталған кофенің қажетті мөлшерін салыңыз және
қақпағын жабыңыз. Кофенің ұсынылатын өлшері 1 тостағанға – 1 шай
қасық. Сіз бұл мөлшерді өз талғамыңызға сай реттей аласыз.
Электр желілері параметрлерінің құралда көрсетілген деректерге сәйкес
екендіктеріне көз жеткізіп алып электр құралын желіге қосыңыз және
ажыратқыш батырмасын «І» күйіне ауыстырыңыз. Ажыратқыштың ба-
тырмасына жұмыс индикаторы кіріктірілген, ол электр құралын іске қосу
кезінде жанады. Барлық су сүзгі арқылы өткеннен кейін, ажыратқышты
«0» күйіне орната отырып, кофеқайнатқышты сөндіріңіз. Кофе ыстық бо-
лып қалуы үшін кофеқайнатқышты ажыратқышпен сөндірмей құмыраны
тіреуіште ұстаңыз. Дайын кофемен құмыраны жылыту қажеттілігі болмаған
кезде, ажыратқышты «0» күйіне ауыстыра отырып, кофеқайнатқышты
сөндіріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сіздің қолайлы болу үшін құрал дайын кофе
үшін құмыраны шешу кезінде су ағудан автоматты қорғау жүйесімен
жабдықталған. Сіз құмыраны тіреуіштен шеше аласыз және кофені Сіз үшін
қолайлы ыдысқа құя аласыз, сонымен бірге құмыраны дайындау процесін
жалғастыру үшін орнына қоюыңызға болады. Құмыраны жұмыс процесінде
кофеқайнатқыштан 15 секундтан аспайтын уақытқа алып тастауға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек ұнтақталған кофеден ішімдік дайындауға
ғана арналған.

Содержание

Похожие устройства

Скачать