Brayer BR1704 Руководство по эксплуатации онлайн [37/44] 797052

Brayer BR1704 Руководство по эксплуатации онлайн [37/44] 797052
37
KZ
Жұмыс кезінде тек жеткізу жинақталымына кіретін
итергішті (1) қолданыңыз, жемістер мен көкөністерді
жүктеу мойнына (2) саусақтарыңызбен немесе
кез-келген басқа заттармен итеруге тыйым салы-
нады.
Сүзгі-үккіштің күйін (4) балдырмен бітеліп қалмауын
мезгілімен тексеріп отырыңыз, қажет болған жағдай-
да шырынсыққышты өшіріп, жұмыс режимдері
ауыстырғышын (8) күйге «0» ауыстырыңыз және
қуат бауының ашасын электр розеткасынан суырып
алыңыз.
Шырынсыққышты бөлшектеңіз және сүзгі-үккішті
(4) шығарып алыңыз, сүзгі-үккішті (4) ағынды судың
астында жуып жіберіңіз және орнына қойыңыз,
шешіп алынған бөлшектерді орнатыңыз және шы-
рынсыққышты қолдануды жалғастырыңыз.
Шырынға арналған сыйымдылық (9) толған кезде,
шырынсыққышты өшіріп, шырынды қолайлы сыйым-
дылыққа құйыңыз.
Сығындыларды (10) жинауға арналған контей-
нердің толтырылуын қадағалаңыз, егер контейнер
(10) сығындыларға толтырылған болса, шырын-
сыққышты өшіріңіз және сығындыларды контейнер-
ден (10) шығарып тастаңыз.
Ескертпе: сығындыларды оңай шығарып алу үшін
контейнерге (10) өлшемі сәйкес келетін пакет салып
қою және сығындыларды пакетпен бірге алып тастау
ұсынылады.
Шырынсыққышты қолданғаннан кейін, жұмыс ре-
жимдерінің қосқышын (8) күйіне «0» орнатып, қуат
бауының ашасын электр розеткасынан суырып
алыңыз.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАНЫС
Егер электр мотордың жұмыс температурасы
асып кетсе, қызып кетуден қорғау іске қосылады,
және шырынсыққыш өшеді.
Егер жұмыс кезінде шырынсыққыш өздігінен сөніп
қалса, жұмыс режимі ауыстырғышын (8) күйіне
«0» орнатыңыз, қуат бауының ашасын электр
розеткасынан суырып алыңыз.
Бөлмедегі температураға байланысты электр
моторының салқындау уақыты 20-50 минут
аралығында болуы мүмкін, электр мотор салқын-
дағаннан кейін, қуат бауының ашасын электр
розеткасына салыңыз және шырынсыққышты
қосыңыз.
Егер шырынсыққыш қосылмаса, біраз уақыт
күтіңіз, егер өзгеріс болмаса, бұл басқа ақауды
білдіруі мүмкін, бұл жағдайда авторланған сер-
вистік орталыққа жүгініңіз.
Шырынсыққыштың ұсынылған жұмыс істеу уақы-
тын қадағалаңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Шырынсыққышты тазалауды әрбір пайдаланған-
нан кейін жүргізіп отырыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать