Brayer BR3403 [44/48] Сақталуы

Brayer BR3403 [44/48] Сақталуы
44
KZ
мен мойындағы шаштарды абайлап түзетіңіз.
Пішінін жасамас бұрын, құлақтың үстіндегі шаш
ұштарын тараңыз. Шаш қиюға кедергі келтірмеу
үшін, шашын қиып жатқан адамның құлағын сәл
бүгіңіз. Машинаны күшпен баспаңыз, ашық жүздер
терімен жанасқан кезде жарақаттау немесе кесіп
алу қаупі бар.
Ескертпе: — қысқалап қырқуға арналған қондыр-
ма-тарақтарды (10, 11, 12 немесе 13) пайдаланбай,
сіз 0,8 мм-ден 2 мм-ге дейін қалдыратын шаштың
ұзындығын өзгерте аласыз, қалдыратын шаштың
ұзындығын өзгерту үшін, машина корпусының
төменгі бөлігін (4) бұрыңыз (сур. 5).
Қырқуды аяқтағаннан кейін, машинаны сөндіріңіз, ол
үшін батырмаға (5) « » басыңыз.
Орнатылған қондырма-тарақты (сур. 4) шешіп
алыңыз, оны шаштардан тазартыңыз, жүздер бло-
гын (6) (сур. 6) шешіп алңыз, оны тазартыңыз (сур.
7), тазарту үшін қылшақшаны (15) пайдаланыңыз,
жүздер блогының (6) астындағы қуысты тазалаңыз
(сур. 8).
Жүздер блогын (6) майлаңыз (сур. 2).
Жүздер блогын (6) орнына орнатыңыз (сур. 9).
ТАЗАРТУЫ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Шаш қырқатын машинаны пайдаланғаннан кейін
сөндіріңіз, машина желілік адаптерден (9) жұмыс
істегенболса, желілік адаптерді (9) электр розет-
касынан шығарыңыз және желілік адаптердің
жалғағыш бауының штекерін машина корпусынан
шығарыңыз (сур. 1).
Орнатылған қондырма-тарақты (10, 11, 12 немесе
13) (сур. 4) шешіп алыңыз және оны шаштан таза-
лаңыз, ол үшін қылшақшаны (15) пайдаланыңыз.
Жүздер блогын (6) шешіп алыңыз (сур. 6).
Қылшақшаны (15) пайдаланып жүздер блогын (6)
(сур. 7) және жүздер блогының (6) астындағы ма-
шина корпусының ішкі қуысын тазалаңыз (сур. 8).
Жүздер блогын (6) және машина корпусының ішкі
қуысын су ағыны астында жууға тыйым салынады.
Шаш қырқатын машина корпусын жұмсақ, сәл
дымқыл матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз.
Машинаның корпусын, желілік адаптерді (9) және
қондырма-тарақтарды (10, 11, 12, 13) тазалау
үшін абразивті тазалау құралдарын немесе еріт-
кіштерді пайдалануға тыйым салынады.
Шаш қырқатын машинаны, желілік адаптерді (9)
және желілік адаптердің бауын суға немесе кез
келген басқа сұйықтықтарға батыруға тыйым
салынады.
Әрбір қолданғаннан кейін жүздер блогын (6) май-
лайтын маймен (14) майлаңыз.
САҚТАЛУЫ
Шаш қырқатын жинақты сақтауға алып қоярдан
бұрын машина корпусына, жүздер блогына (6)
және қондырма-тарақтарға (10, 11, 12, 13) тазалау
жұмысын жүргізіңіз.
Жүздер блогын (6) майлайтын маймен (14)
майлаңыз.

Содержание

Скачать