Marta MT-4611 черный [9/11] Mt 4611

Marta MT-4611 черный [9/11] Mt 4611
MT-4611
9
Аспапты қоректену желісінен ажыратқанда желілік бауды тартпай, тек ашадан ұстаңыз.
Аспапты өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз. Ақау туындаған жағдайда жақын орналасқан сервистік орталыққа жолығыңыз.
Кеңес берілмеген қосымша керек-жарақты пайдалансаңыз, қауіп төнуі немесе аспап зақымдануы мүмкін.
Аспапты тазалау алдында және оны пайдаланбасаңыз ылғи электр желіден ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспапты су толған ванна, раковина немесе басқа ыдыстардың қасында пайдаланбаңыз.
Электр тоқ соқпау және тұтанбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл бола қалса, оны бірден электр желіден ажыратып,
тексеру үшін сервистік орталыққа жолығыңыз.
Аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, осы аспапты пайдалану тәжірибесі жоқ адамдармен (соның ішінде балалармен) пайдаланылуға
арналмаған. Бұл жағдайда пайдаланушыны оның қауіпсіздігіне жауап беретін адам алдын ала үйрету керек.
Қоректендіру негізіне су тигізбеңіз.
Аспапты тек осы шәйнекке арналған қоректендіру негізімен ғана қолданыңыз. Қоректендіру негізін басқа мақсаттарда қолдануға болмайды.
Жұмыс кезінде шәйнекті қоректендіру негізінен алып тастаңыз, алдымен аспапты өшіріңіз.
Аспапты қосар алдында шәйнек қақпағының тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе қайнағанда автоматты өшіру жүйесі іске қосылмайды, ал қайнаған су
төгілуі мүмкін.
Аспап тек су қайнатуға арналған. Аспапты басқа сұйықтықтар қыздыруға қолданбаңыз, бұл аспапты бұлдіруі мүмкін.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Аспапты ашып, барлық жапсырмаларын алып тастаңыз.
Аспапты қолданар алдында осы шәйнектің электр қоректенуі Сіздің жергілікті желіңіздегі техникалық сипаттамалары бар кестеде көрсетілген электр
қоректенуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
Шәйнекке “MAX” белгісіне дейін су құйып, қайнатыңыз. Суын төгіңіз. Шараны екі рет қайталаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
1л су қайнатыңыз. 50г лимон қышқылын қосыңыз. Алынған ерітіндіні 15 минутқа қалдырыңыз.
Немесе шәйнекке 500 мл ақ сірке суын құйып, қалған бөлікті суға толытырып, қайнатпастан бір сағатқа қалдырыңыз.
1 немесе 2 ерітіндісін шәйнектен төгіңіз. Қалған шөгінділерді біраз дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Шәйнекке таза су құйып, қайнатып, суды төгіңіз. Суды 1-2 рет
қайнатып, қақ кеткенше төгіңіз. Содан шәйнек пайдалануға дайын.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электр қоректену
Көлемі
Нетто / брутто салмағы
Өндіруші зауыт:
COSMOS FAR VIEW INTERNATIONAL LIMITED
ROOM 701, 16 APT, LANE 165, RAINBOW NORTH STREET,
NINGBO, CHINA
230 В ~ 50 Гц
1,8 Л
0,97 кг / 1,38 кг
КЕПІЛДІК ШЫҒЫН МАТЕРИАЛДАРЫНА (СҮЗГІЛЕР, КЕРАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КҮЮГЕ ҚАРСЫ ЖАБЫНДЫЛАР, РЕЗИНА НЫҒЫЗДАУЫШТАР МЕН БАСҚАЛАР) ТАРАЛМАЙДЫ.
Аспап жасалу күнін бұйым қорабындағы сәйкестендіру стикерінде және/немесе бұйымның өзіндегі стикерде табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады, 4-ші және 5-ші белгі аспаптың
жасалу айын, 6-шы және 7-ші белгі жылын білдіреді.
Өндіруші аспаптың дизайны мен техникалық сипаттамаларын алдын ала ескетпей өзгерту құқығын өзінде қалдырады.

Похожие устройства

Скачать