Midea MDRS791MIE33 [33/105] Көкөністерге арналған тартпаны тазалау

Midea MDRS791MIE33 [33/105] Көкөністерге арналған тартпаны тазалау
13
KZ
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Жібіту
Тоңазытқыш ауаны салқындату принципі негізінде жасалады, сондықтан оның
автоматты мұз еріту функциясы бар. Құрылғыны қуат көзінен ажырату немесе
құрғақ орамалмен сүрту арқылы маусым немесе температура өзгеруі кезінде пайда
болатын қырауды кетіре аласыз.
Есік науасын тазалау
Төменде көрсетілген суреттегі көрсеткі бағытына
қарай науаны екі қолмен қысыңыз, оны жоғары
қарай итеріп, шығарып алыңыз.
Шығарып алынған науаны жуып-тазалаған соң,
орнату биіктігін қажетіңізге сай реттей аласыз.
Шыны сөрені тазалау
Тоңазытқыштың сөрелер барып тірелетін ең түпкі
жағында тіреу болғандықтан, сөрелерді жоғары
көтеруіңіз керек, сонда ғана сөрелерді шығара
аласыз.
Сөрелерді өз ыңғайыңызға қарай реттеңіз немесе
тазалаңыз.
Көкөністерге арналған тартпаны тазалау
1. Тартпаның ішіндегілерін алыңыз. Көкөніс
тартпасының тұтқасынан ұстап, оны тоқтағанша
толық тартып шығарыңыз.
2. Көкөніс тартпасын жоғары көтеріңіз де, оны тартып
шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тазалау үшін суланған жұмсақ орамалдарды немесе губка мен тоттанбайтын бейтарап жуғыш
заттарды пайдаланған дұрыс. Мұздатқышты таза сумен және құрғақ шүберекпен тазалау
керек. Қуатты қоспас бұрын, өзі кебуі үшін есігін ашып қойыңыз. Тоңазытқышты тазалауға қатты
щеткаларды, тазалағыш темір домалақтарды, сым щеткаларды, ысқыштарды (мысалы, тіс
пастасы), органикалық ерітінділерді (мысалы, алкоголь, ацетон, банан майы және т.б.), қайнаған
суды, қышқыл немесе сілтілі ерітінділерді қолданбаңыз, себебі олар тоңазытқыштың беткі қабатын
және ішін зақымдауы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать