Galaxy Line GL0225 [17/21] Электр құралының корпусын таза дымқыл шүберектің көмегімен та

Galaxy Line GL0225 [17/21] Электр құралының корпусын таза дымқыл шүберектің көмегімен та
KAZ
16
16
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
5 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ АТҚАРЫМДЫҚ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1 2 3
4
5
6
1. Корпус
2. Қақпақ
3. Қақпақты ашуға арналған түйме - фиксатор
4. Тұтқа
5. Ажыратқыш «0» (сөндірулі)\«I» (іске қосулы)
6. Тіреуіш
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы материа-
лын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз.
Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Жиынтықты тек-
серіңіз және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіңіз. Корпусты
алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз. Шәйнекті
қолданудың алдында оны сумен толтыру, қайнату, төгу және осыны қайта
жасау қажет. Осыдан кейін шәйнек қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Қуат беруші желі параметрлерінің құралда көрсетілген деректерге сәйкес
екендіктерін тексеріп және ажыратқыштың жоғарғы күйде («сөндірулі» /
«0») тұрғандығына көз жеткізіп алып қуат беру баусымының істікшесін
желіге қосыңыз, және қойғышты тегіс орнықты бетке орнатыңыз. Шәйнекті
таза сумен толтырыңыз және шәйнектің қақпағын ол берік бекітілгендей
етіп жабыңыз.
Электр құралын қойғышқа орнатыңыз және ажыратқышты төменгі күйге
(«іске қосулы» / «I») ауыстырыңыз. Су қайнаған кезде, шәйнек автомат-
ты түрде сөнеді. Осыдан кейін суды шәйнектен тостағанға немесе басқа
ыдысқа құюға болады. Назар аударыңыз, суды тостағанға қақпақты ашпай-
ақ шүмегінен құю керек.
Егер шәйнек лық толы болса, қайнаған су сыртқа лақтырылуы мүмкін.
Құралдың беті қолданудан кейін ыстық болып қалады.
ЕСКЕРТУ: Су қайнағанша дейін қақпақты ашпаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек суды қайнатуға арналған.
ЕСКЕРТУ: Шәйнекті қойғыштан алу кезінде оның беті аздап дымқыл болуы
мүмкін. Бұл шәйнекті автоматты сөндіру механизмі іске қосылған кезде
оның ішіндегі будың біраз бөлігі құрал корпусындағы арнайы саңылау
арқылы шығуымен түсіндіріледі. Осылайша, қойғышта ылғалдың аз мөл-
шерінің болуы қате жұмыстың нәтижесі немесе өндірістік ақау болып та-
былмайды.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Электр құралының корпусын таза дымқыл шүберектің көмегімен та-
залау ұсынылады, құралдың қалған бөліктерін тазартқыш құралдарды
қолданумен жылы сумен жууға болады.
8.2 Құралдың ішінде түзілетін қақтар уақыт өте келе оның ішкі бетінің түсін
өзгертуі және судың сапасына әсер етуі мүмкін. Құралды арнайы қаққа
қарсы құралдармен оның қызметтік мерзімін ұзарту үшін тұрақты тазалып
отырыңыз. Тазартқыш құралдарды қолдана отырып, олардың қаптамасында
көрсетілген нұсқауларды сақтаңыз.

Содержание

Скачать