Galaxy Line GL0560 [17/21] Отырып және ажыратқыштың 0 сөндірулі күйінде тұрғандығына көз

Galaxy Line GL0560 [17/21] Отырып және ажыратқыштың 0 сөндірулі күйінде тұрғандығына көз
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы материа-
лын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз.
Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Жиынтықты тек-
серіңіз және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіңіз. Корпусты
алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз. Шәйнекті
қолданудың алдында оны сумен толтыру, қайнату, төгу және осыны қайта
жасау қажет. Осыдан кейін шәйнек қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Құралда көрсетілген қуат беру желісі параметрлерінің сәйкестілігін тексере
отырып, және ажыратқыштың «0» (сөндірулі) күйінде тұрғандығына көз
жеткізіп алып, қуат беру баусымының істікшесін желіге қосыңыз, және
тіреуішті тегіс орнықты бетке орнатыңыз. Шәйнекті таза сумен толтырыңыз
және шәйнектің қақпағын ол берік бекітілгендей етіп жабыңыз.
Электр құралын тіреуішке орнатыңыз және ажыратқышты «І» (іске қосулы)
күйіне ауыстырыңыз. Су қайнаған кезде, шәйнек автоматты түрде сөнеді.
Осыдан кейін суды шәйнектен тостағанға немесе басқа ыдысқа құюға бо
-
лады. Назар аударыңыз, суды тостағанға қақпақты ашпай-ақ шүмегінен
құю керек.
Құралдың беті қолданудан кейін ыстық болып қалады.
ЕСКЕРТУ: Су қайнағанша дейін қақпақты ашпаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек суды қайнатуға арналған.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Электр құралының корпусын таза дымқыл шүберектің көмегімен та-
залау ұсынылады, құралдың қалған бөліктерін тазартқыш құралдарды
қолданумен жылы сумен жууға болады.
8.2 Құралдың ішінде түзілетін қақтар уақыт өте келе оның ішкі бетінің түсін
өзгертуі және судың сапасына әсер етуі мүмкін. Құралды арнайы қаққа
қарсы құралдармен оның қызметтік мерзімін ұзарту үшін тұрақты тазалып
отырыңыз. Тазартқыш құралдарды қолдана отырып, олардың қаптамасында
көрсетілген нұсқауларды сақтаңыз.

Содержание

Скачать