Galaxy Line GL 2127 [13/21] Арқылы сатып алынған бұйым осы нұсқаулықтан оның пайдаланылуына

Galaxy Line GL 2127 [13/21] Арқылы сатып алынған бұйым осы нұсқаулықтан оның пайдаланылуына
1 ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
GALAXY GL2127 блендерлік жинағы (ары қарай мәтін бойынша – құрал,
электр құралы, бұйым) – қажетті ингредиенттерді шайқауға, ұсақтауға
және араластыруға арналған. Саптама-бұлғауыш сізге кілегейлерді,
жұмыртқаны, сонымен бірге кремді және сұйық қамырды тез және сапалы
шайқауға көмектеседі. Ұсақтағыштың көмегімен сіз езбені немесе паштетті
дайындайсыз, көкөністерді салат немесе көже үшін ұсақтайсыз, етті
немесе балықты тартылған етке айналдыра аласыз. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты бұйымның барлық қызметтік мерзімі ішінде сақтаңыз. Сіз
арқылы сатып алынған бұйым осы нұсқаулықтан оның пайдаланылуына
әсер етпейтін кейбір ерекшеліктерге ие болуы мүмкін.
Өнім Кедендік одақтың келесі техникалық регламенттеріне сәйкес
болады: Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 16
тамызындағы №768 Шешімімен бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен
вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының
техникалық регламентіне; Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9
желтоқсанындағы №879 Шешімімен бекітілген ТР ТС 020/2011 «Техникалық
құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық
регламентіне; Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2019 жылдың
18 қазанындағы №113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық
одақтың ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника
бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық
регламенті.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 Кесте
Параметрдің атауы Мәні
Номиналды кернеу 220-240 В ~
Номиналды жиілік 50 Гц
Номиналды тұтыну қуаты 300 Вт
Қуат беру баусымының ұзындығы 105 см
3 ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҚ
2 Кесте
Атауы Саны
Саптама-ұсатқыш 1 дана
Саптама-венчик 1 дана
Саптама-блендер 1 дана
Батпалы блендер 1 дана
Тостағанымен өлшегіш стақан 1 дана
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана
Рецептер кітабы 1 дана
Тұтынушылық ыдыс 1 дана
KAZ
13
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Содержание

Скачать