Scarlett SC-IR250D04 [14/16] Ескерту бұл жылытқыш бөлмедегі температураны басқару құрылғысымен жабдықталмаған жылытқышты шағын үй жайларда үй жайдан өз күшімен шыға алмайтын адамдар болған кезде егер оларды тұрақты бақылау қамтамасыз етілмесе пайдаланбаңыз назар аударыңыз

Scarlett SC-IR250D04 [14/16] Ескерту бұл жылытқыш бөлмедегі температураны басқару құрылғысымен жабдықталмаған жылытқышты шағын үй жайларда үй жайдан өз күшімен шыға алмайтын адамдар болған кезде егер оларды тұрақты бақылау қамтамасыз етілмесе пайдаланбаңыз назар аударыңыз
IM022
www.scarlett.ru SC-IR250D04
14
Құрылғыны тікелей электр розеткасының жанына немесе
астына орнатуға тыйым салынады.
Ескерту! Бұл жылытқыш бөлмедегі температураны басқару
құрылғысымен жабдықталмаған. Жылытқышты шағын үй-
жайларда үй-жайдан өз күшімен шыға алмайтын адамдар
болған кезде, егер оларды тұрақты бақылау қамтамасыз
етілмесе, пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Қуат желісінің шамадан тыс жүктемесін болдырмау үшін
жылытқышты бір мезгілде басқа электр құрылғыларымен
бірге бір электр желісіне қоспаңыз.
Қызып кетуін болдырмау үшін жылытқыштың бетін
жаппаңыз .
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы
сервис орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем
дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада,
XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» жасап шығарылған айы,
келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫС ІСТЕУ
Режим ауыстырғышын күйіне орнатыңыз «O».
Құрылғыны электр желісіне қосыңыз.
ЖҰМЫС РЕЖИДЕРІ
Егер айырып-қосқыштардың бірін «I» қалпына қойса, жылытқыш жылы температура
режимінде жұмыс істейтін болады (300 Вт).
Егер айырып-қосқыштардың екеуін де «I» қалпына қойса, жылытқыш ыстық температура
режимінде жұмыс істейтін болады (600 Вт).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Жылудың кемулерін болдырмау үшін бөлмені жабық ұстау керек, олай болмаса, бөлме
жылынбайды.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Тазалаудың алдында құрылғыны электр желісінен өшіріңіз және суытыңыз.
Жылытқышты сырттан дымқыл жұмсақ матамен сүртіңіз. Органикалық еріткіштерді,
агрессиялы химиялық немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
Қорғау жабынын зақымдамау үшін тазалау кезінде үшкір заттарды қолданбаңыз.
САҚТАУ
Сақтаудың алдында құрылғының электр желісінен өшіріліп және толығымен сууына көз
жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ бөліміндегі талаптарды орындаңыз.
Қуат сымын ораңыз.
Құрылғыны құрғақ салқын жерде сақтаңыз.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған
электрлік және электрондық бұйымдар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы
керек дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.

Содержание

Скачать