Haier HCL260NFRU [24/38] Тоңазытқыштың жұмысын тоқтату

Haier HCL260NFRU [24/38] Тоңазытқыштың жұмысын тоқтату
21 22
Тоңазытқыштың жұмысын тоқтату
Электр энергиясын ажыратуға байланысты проблемаларды шешу
Тіпті жаз мезгілінде де электр энергиясын өшіргеннен кейін 10 сағат ішінде өнімдерді сақтау
кезінде проблемалар туындамайды.
Электр энергиясын өшіргеннен кейін жаңа өнімдерді салмаңыз. Тоңазытқыштың есігін ашпауға
тырысыңыз.
Егер алдағыда электр энергиясының өшірілетіні белгілі болса, саңылаусыз контейнерде мұздың
көп мөлшерін дайындап, оны тоңазытқыш бөлімшесінің жоғарғы жағына қоюға болады.
Электр энергиясын берудегі іркілістерге немесе басқа ақауларға байланысты тоңазытқыштағы
температураның жоғарылауы сақтау мерзімінің қысқаруына жəне өнім сапасының төмендеуіне
əкелуі мүмкін.
Демалыс кезінде тоңазытқышты пайдалану
Қысқа демалыс кезінде тез бұзылатын өнімдерді алып тастаңыз, қажетті температураны
орнатыңыз жəне тоңазытқыштың есігін жабыңыз.
Пайдалануды тоқтату кезеңі
Тоңазытқыштың жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату қажет болса, қуат ашасын розеткадан суырып
алыңыз, қуатты өшіріңіз жəне тоңазытқышты жоғарыда сипатталғандай тазалаңыз.
Пайдалануды тоқтату кезінде тоңазытқышта жағымсыз иістің пайда болуын болдырмау үшін
тоңазытқыштың есігін ашыңыз.
Қуат көзін өшіргенде, қайта қосу алдында 5 минуттан кем емес уақыт өтуі тиіс.
Жалпы, тоңазытқыштың қызмет ету мерзімін қысқартпау үшін оны пайдалануды
тоқтатпауға тырысыңыз.
Бұйымды кəдеге жарату тиісті рəсімге сəйкес немесе кəсіби компаниялармен
орындалуы тиіс. Қоршаған ортаға зиян келтіруді немесе басқа да зиян келтіруді
болдырмау үшін бұйымды тұрмыстық қоқыспен бірге ешбір жағдайда кəдеге
жаратуға жол берілмейді.
Абайлаңыз!
Назар
аударыңыз
Назар
аударыңыз
Техникалық деректер
Үлгісі
HCL260NFRU
Климаттық класс
N/SN/ST
Электрден қорғану класы
I
Жиынтық пайдалы сыйымдылығы (л)
330
Тоңазытқыш камераның пайдалы сыйымдылығы (л)
260
Номиналды кернеуі (В)
220–240
Номиналды жиілігі (Гц)
50
Номиналды кернеуі (А)
0,72
Энергиялық тиімділік класы
А
Тоңазытқыш агенттің көлемі
R600a (36 г)
Салмағы (кг)
51
Аспап габариттері (е × т × б) (мм)
540 × 545 × 1770
Шуыл деңгейі (дБ)
42

Содержание

Похожие устройства

Скачать