Haier HUR100RU [16/38] Бұйым

Haier HUR100RU [16/38] Бұйым
4 5
ТАСЫМАЛДАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
1. Бұйымды тек тігінен тасымалдау керек. Жеткізілетін қаптама тасымалдау кезінде
жарамды болуы тиіс.
2. Тасымалдау кезінде бұйымды көлденеңінен тасымалдау қажет болса, оны алдыңғы
жағынан қараған кезде сол жаққа қою керек. Бұйымды тігінен орнатқаннан кейін,
жүйені реттеу үшін кем дегенде 4 сағат бойы қолданбау керек.
3. Осы жоғарыда аталған нұсқаулардың сақталмауы бұйымның бүлінуіне əкеп
соқтырады. Егер аталған нұсқаулар сақталмаған болса, өндіруші жауаптылықта
болмайды.
4. Бұйым жаңбырдан, ылғалдан жəне басқа да қоршаған орта əсерінен қорғалуы керек.
5. Бұйымды орнатқан кезде еденге немесе қабырғаға, құбырларға жəне т.б. зақым
келтірмеу үшін абай болыңыз. Есікті немесе тұтқаларды тарту арқылы бұйымды
жылжытпаңыз.
МАҢЫЗДЫ! Бұйымды тазалау немесе тасымалдау кезінде ерекше сақ болу керек.
Бұйымның артқы қабырғасындағы конденсатордың төменгі жағында орналасқан металл
тіреулерге немесе құбырларға қол тигізбеңіз, себебі бұл саусақтар мен қолдарға зақым
келтіруі мүмкін.
МАҢЫЗДЫ! Бұл бұйым басқа бұйымдармен қатарлауға арналмаған.
Бұйымның үстіне отыруға немесе тұруға тырыспаңыз, себебі ол осылай қолданылуға
арналмаған. Бұл талапты сақтамау жарақат алуға немесе бұйымның зақымдалуына
əкелуі мүмкін.
МАҢЫЗДЫ! Желілік кабельдің кесілуіне немесе зақымдалуына жол бермеу үшін
бұйымды тасымалдау немесе қайта орнату кезінде жəне одан кейін желілік кабельдің
бұйымның астына түспегеніне көз жеткізіңіз.
Балаларға бұйыммен немесе басқару панелімен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Суық панельдер мен құбырларға зақым келтірмеу немесе жарақат алмау үшін өнімді
бірінші рет орнату жəне пайдалану кезінде, күнделікті күнделікті пайдалану кезінде,
сондай-ақ ішкі мұздату бөлімшелерін жібіту жəне тазарту кезінде сақ болыңыз.
Саусақтарға немесе қолдарға зақым келтірмеу немесе бұйымға жөндеуге жарамсыз
болуға əкелетін зақым келтірмеу үшін суық панельдерді тазалау кезінде қолғапты
пайдалану ұсынылады.
Осы нұсқауларды сақтамаған жағдайда, біз ешқандай жауапкершілік көтермейміз.
МАҢЫЗДЫ!
ОРНАТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
1. Бұйымның тұрақсыздығына байланысты қауіпті болдырмау үшін, оны нұсқауларға
сəйкес бекіту керек.
2. Бұйымды жиһазға кіріктірмейінше іске қоспаңыз.
3. Бұйым тегіс бетке орнатылуы керек. Алдыңғы жəне артқы төрт аяғын қажеттілігіне
қарай реттеуге болады. Бұйымның тігінен орнатылғанына көз жеткізу үшін, алдыңғы
жəне артқы төрт аяқты сағат тілімен немесе сағат тіліне қарсы бағытта, бұйым еденге
мықтап тимейінше реттеңіз. Тіректерді дұрыс реттеу арқасында шамадан тыс діріл
мен шу болмайды.
4. Бұйымды пайдалануға дайындау үшін «Күтім көрсету жəне тазалау» бөлімін оқып
танысыңыз.
Қабырға
Өнімділіктің төмендеуіне жол бермеу үшін ауа сору арналары бітеліп қалмауы керек
(140 см²).
Қабырға мен бұйым арасындағы ең қысқа қашықтық кемінде 10 мм болуы керек.
40 мм 40 мм
10 мм
10 мм
Бұйым

Содержание

Похожие устройства

Скачать