Haier HUR100RU Руководство по эксплуатации онлайн [18/38] 799568

Haier HUR100RU Руководство по эксплуатации онлайн [18/38] 799568
8 9
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу жəне сақтау гигиенасын қамтамасыз ету үшін мынадай
нұсқаулар мен ұсынымдар келтіріледі.
1. Бұйым балғын өнімдер мен сусындарды қысқа мерзім бойы сақтауға арналған.
2. Дайындалған ыдыстарды саңылаусыз жабық контейнерде сақтап, алынбалы сөреде
жақсы орналастырған жөн.
3. Қаптамадағы балғын өнімдерді сөрелерге орналастыруға болады. Жаңа піскен жемістер
мен көкөністер жуылып, бұйымның ішіндегі арнайы контейнерлерде сақталуы керек.
4. Бөтелкелер есіктегі бөлікте орналастырыла алады.
5. Шикі етті төменгі сөреде пластикалық пакеттерде сақтау керек. Ластануды болдырмас
үшін шикі еттің пісірілген тағаммен жанасуына жол бермеңіз. Қауіпсіздік мақсатында,
шикі етті тоңазытқышта 2-3 күн ғана сақтаңыз.
6. Сөрелер артқы тіректермен жəне бөтелкелерді сақтауға арналған айналмалы
құрылғылармен жабдықталған. Реттеу кезінде ойықтарды тазарту үшін сөрені көтеріңіз.
7. Сөрені еңкейту үшін оның артқы жағын сөренің алдыңғы жағынан бір деңгейге төмен
қойыңыз. Көлбеу сөрені алып тастау үшін алдымен артқы жағын ойықтардан
босатыңыз, содан кейін оны тартып шығарыңыз.
8. Сақтау кезінде тамақ өнімдері қапталған, оралған немесе жабылған болуы керек.
Тоңазытқышқа ыстық өнімдер мен сусындарды салмас бұрын, оларды салқындатып
алу керек. Тоңазытқышта жарылыс қаупі бар заттарды сақтауға жол берілмейді. Күшті
спиртті ішімдіктерді тұмшаланған контейнерлерде тік күйінде сақтау керек.
Консервіленген өнімдердің қалдықтары түпнұсқа банкаларда сақталмауы керек.
9. Кейбір жемістер мен көкөністер шамамен 0 °C температурада сақталған жағдайда
бүлінуі мүмкін. Сондықтан ананас, қауын, қияр, қызанақ сияқты жəне ұқсас өнімдерді
полиэтиленді пакеттерге салу керек.
10. Сөрелер, сталлаждар, балғын өнімдерге арналған контейнерлер, сүт өнімдеріне
арналған бөлімшелер, бөтелкелерге арналған жəшіктер мен контейнерлер алмалы-
салмалы болып саналады.
ТОҢАЗЫТҚЫШТАҒЫ ӨНІМДЕРДІҢ ҰСЫНЫЛҒАН ОРНАЛАСУЫ
Орналасу мысалдары (схеманы қараңыз).
1. Мұздатылған өнімдер: салқындатылған дайын өнімдер, ет жəне балықты сақтау.
2. Шыны сөре: сүт өнімдері, пісірмелер.
3. Балғын өнімдерге арналған контейнерлер: жемістер, көкөністер, салаттар.
4. Есік сөрелері: түтіктер, кішкентай бөтелкелер мен банкалар.
5. Есік сөресі: жұмыртқа науасы.
6. Есік сөресі: май, ірімшік.
7. Бөтелке сөресі: сусындар, үлкен бөтелкелер.
8. Термостатты реттегіш тұтқа
8
ТЕМПЕРАТУРАНЫ БАҚЫЛАУ ЖƏНЕ РЕТТЕУ
Жұмыс температурасы термостатпен бақыланады (схеманы қараңыз).
Қолжетімді мəндер 1-ден 5-ке дейінгі аралықта, ал 5 мəні ең суық режимге
сəйкес келеді. Бұйымды бірінші рет қосқан кезде термостат 24 сағаттан кейін
тоңазытқыштағы орташа температура -18 °C-тан аспайтындай етіп реттелуі
керек.
Термостатты 1 мен 5 арасындағы режимге орнатып, қажетті температураны
алуды қадағалау ұсынылады, яғни тоңазытқыштағы температура мəні тым төмен
болса (5 жайғасымына сай келсе), белгіленген режимді азайту керек жəне
керісінше. Тоңазытқыштың кейбір бөлімшелерінде (мысалы, көкөніс сақтау
бөлімшесінде жəне тоңазыту камерасының жоғарғы жағында) температура
жоғары немесе төмен болуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
Қоршаған орта температурасы 25 °C-тан жоғары болса, əсіресе жазда,
термостаттың тұтқасын 5 жайғасымына бұраңыз. Қоршаған орта температурасы
25 °C-тан төмен болса, термостаттың тұтқасын орташа жайғасымға бұраңыз.
Есікті жиі аша бергенде, ішкі температура көтеріледі, сондықтан қолданғаннан
кейін есікті мүмкіндігінше тезірек жабыңыз.
Тоңазыту бөлімшесінде мұздың уақытша жиналуы жағдайында термостат
режимін 1-ге дейін азайтыңыз, сонымен бірге тоңазытқыштағы температура
+5 °C-тан аспайтынына көз жеткізіңіз. Мұз қабаты жоғалып, тоңазытқыш қалыпты
режимде автоматты түрде ери бастағаннан кейін, қажет болған жағдайда
термостат режимінің мəнін арттыруға болады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать