Haier HUF90RU Руководство по эксплуатации онлайн [15/38] 799569

Haier HUF90RU Руководство по эксплуатации онлайн [15/38] 799569
МАҢЫЗДЫ! БАСҚА ҚУАТ АШАСЫН ОРНАТУ
Егер осы бұйымның электр қуат көзі баусымындағы сымдардың түстері қуат ашасының
түйіспелерінің түс таңбаламасына сəйкес келмесе, келесі əрекеттерді орындаңыз
(схеманы қараңыз).
1. Жасыл-сары немесе жасыл (жер)
сымды «E» əрпімен, таңбасымен
белгіленген немесе жасыл жəне сары
немесе тек жасыл түспен боялған
штепсель ашасының клеммасына
жалғаңыз.
2. Көк сымды (бейтарап) «N» əрпімен
белгіленген немесе қара түспен
боялған қуат ашасының клеммасына
жалғаңыз.
3. Қоңыр сымды (кернеуі бар) «L»
əрпімен белгіленген немесе қызыл
түспен боялған жалғағыштағы
клеммаға қосыңыз.
Қуат көзі ашасын ауыстыру кезінде
13 А-лік сақтандырғыш ашаға, адаптерге
немесе сақтандырғыштардың бас
блогына орнатылуы тиіс. Күмəнді
жағдайларда білікті электршіге жүгініңіз.
ЭЛЕКТРМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
Қуат ашасын розеткаға салмас бұрын, бұйымның ішіндегі төлқұжаттық тақтайшада
көрсетілген кернеу мен жиілік электр желісінің мəндеріне сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Төлқұжаттық тақтайша мұздатқыштың ішкі қаптамасының сол жағында орналасқан.
Бұл бұйымды қуат көзіне сақтандырғышпен жабдықталған жəне оңай қолжетімді жерде
орналасқан тиісті розетка арқылы қосу ұсынылады.
Бұйымның желілік баусымы зақымдалған болса немесе оны ауыстыру қажет болса, оны
тек Lee компаниясының уəкілетті қызмет көрсету агентінен сатып алуға болатын арнайы
күштік сыммен ауыстыру керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БҰЛ БҰЙЫМДЫ ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУ КЕРЕК.
Бұйымдағы қуат ашасы пайдаланылған розеткаға сəйкес келмесе, оны жарамды қуат
ашасымен ауыстырыңыз. Жарамсыз қуат ашасын пайдалану салдарынан электр тогы
соғуы мүмкін!
2 3
Сізді көптеген жылдар бойы қызмет ететін сапалы бұйымды таңдаумен құттықтаймыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
МАҢЫЗДЫ!
Қаптауға жəне тасымалдауға арналған барлық қорғаныс құралдары алынбайына,
бұйымды электр желісіне қосуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Компрессорды қосар алдында, ол кемінде 4 сағат тұруы тиіс.
Ескі мұздатқышты кəдеге жарату алдында, мұздатқышқа балалардың кіріп кетуін жəне
ішінде қамалып қалуын болдырмау үшін, оның есігі жабық тұрғанына жəне мықтап
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Бұл бұйымды тек тікелей мақсаты бойынша, яғни тамақ өнімдерін сақтау үшін
пайдалану керек.
Бұйымды өртеу жолымен кəдеге жаратуға тыйым салынады. Қоршаған ортаны аялауды
жəне қорғауды үнемі қамтамасыз ету қажет. Ұсынылған соңғы үлгілердің бірі болып
табылатын бұл бұйым қоршаған орта үшін өте қауіпсіз. Бұйымды салқындату жəне
оқшаулау жүйесінде ХФК/ГФК қамтымайтын табиғи хаттектер (сəйкесінше, R600a жəне
циклопентан) пайдаланылады, олар отпен тікелей жанасқанда отқа қауіпті заттар болып
табылады. Осыған байланысты, тасымалдау жəне пайдалану кезінде бұйымның
салқындату тізбегі мен түтіктерінің зақымдалуын болдырмау үшін шаралар қолданыңыз.
Зақымдалған жағдайда, бұйымды отқа, ықтимал жану көзіне тигізбеңіз жəне бұйым
орналасқан үй-жайды дереу желдетіңіз.
Бұйымды кəдеге жарату туралы ақпарат алу үшін жергілікті органдарға хабарласу
ұсынылады.
Бұл бұйымды жылытылмайтын, суық үй-жайда (мысалы, көлікжайда, қысқы бақта,
жапсаржайларда, сарайларда, көшеде жəне т.б.) пайдалану ұсынылмайды.
Бұйымның максималды өнімділігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығу өте маңызды.
Жеткізу кезінде бұйымның зақымдалмағанына жəне барлық бөлшектері мен керек-
жарақтарының мінсіз күйде екеніне көз жеткізіңіз.
Қуат ашасы жеткізу жиынтығына қосылғанына жəне дұрыс күйде екеніне көз жеткізіңіз.
Көп розеткалы адаптерді немесе ұзартқыш кабельді пайдаланбаңыз.
Осы нұсқауларды сақтамау кепілдік мерзімі ішінде тегін қызмет көрсету құқығының күшін
жоюы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымның немесе бұйым кіріктірілген шкафтың корпусындағы
желдету саңылауларының таза болуын қамтамасыз етіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымды мұздан еріту процесін тездету үшін өндіруші
ұсынғаннан ерекшеленетін механикалық аспаптарды немесе басқа да құралдарды
қолдануға тыйым салынады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыш тізбегіне зақым келтірмеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымның ішіндегі тамақ өнімдерін сақтауға арналған
бөлімшелерді тазалау кезінде, егер олар дайындаушы ұсынған типке сəйкес келмесе,
электр аспаптарын пайдаланбаңыз.
Пайдалану ыңғайлылығы үшін осы нұсқаулықты сенімді жерде сақтау ұсынылады.
Бұл бұйым физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе тəжірибесі
мен білімі жоқ тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) пайдалануына арналмаған,
оларға қадағалау жүзеге асырылатын немесе олардың қауіпсіздігіне жауап беретін тұлға
тиісті нұсқаулар берген жағдайлардан басқа.
Балалардың ойынында бұйымды пайдалану мүмкіндігін болдырмау үшін оларды
қадағалау жүзеге асырылуы тиіс.
ЖАСЫЛ
ЖƏНЕ
САРЫ
НЕМЕСЕ
ЖАСЫЛ
6 мм
32 мм
КӨК
НЕМЕСЕ
ҚАРА
22 мм
12 мм
КАБЕЛЬ
ҚЫСҚЫШЫ
6 мм
6 мм
САҚТАНДЫРҒЫШ
ҚОҢЫР
НЕМЕСЕ
ҚЫЗЫЛ
ЖИЫНТЫҚТАҒЫ BS 1362 13A
САҚТАНДЫРҒЫШЫ. САҚТАНДЫРҒЫШ КЕЗ-
КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА АУЫСТЫРЫЛАТЫН BS
1362 КАРТРИДЖІМЕН ҮЙЛЕСІМДІ

Содержание

Похожие устройства