Galaxy Line GL6283 [22/26] Электр желісінен ажыратыңыз оны суытыңыз және контейнерден судың

Galaxy Line GL6283 [22/26] Электр желісінен ажыратыңыз оны суытыңыз және контейнерден судың
KAZ
22
22
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы материа-
лын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз.
Жиынтықты тексеріңіз және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз
жеткізіңіз. Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Корпусты
алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз.
Электр құралын бірінші рет қолданудың алдында контейнерді сумен тол-
тырыңыз және оны 5 минуттай жұмыс істеткізіңіз. Контейнерге құю үшін
сүзгіленген немесе үтіктеу үшін арнайы суды қолдану керек. Құралды
электр желісінен ажыратыңыз, оны суытыңыз және контейнерден судың
қалдықтарын кетіріңіз.
6.1 Контейнерді сумен толтыру
6.1.1 Контейнерді сумен толтырудың алдында электр құралының электр
желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
6.1.2 Бүріккішті сағат тіліне қарсы « » белгісі жағына бұраңыз, оны контей-
нерден шешіңіз, контейнердің оны максималды деңгей «МАХ» белгісіне дейін
сумен толтырыңыз. Құралды контейнерді толтыру уақытында аудармаңыз.
6.1.3 Бүріккішті контейнерге орнатыңыз және бекітілгенше дейін « » белгісі
жағына бұраңыз. Электр құралы жұмысқа дайын.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ыстық суды қолданбаңыз, судың температурасы
+50° С-тан жоғары болмауы керек.
Ескерту: Бумен жібіткіштің қызметтік мерзімін ұзарту үшін тазартылған
және минералсызданған суды қолдану ұсынылады.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Бумен жібіткішті киімдегі немесе ішкі көрініс заттарындағы қырысты-
рыстарды нәзік үтіктеуге, сонымен бірге кез келген типтегі киімдер мен
маталарды булап жібітуге қолдануға болады, бұл ретте киім затбелгісіндегі
нұсқауларды басшылыққа алу керек болады. Егер осындай ақпарат бол-
маса, құралдың көмегімен матаны ішкі бет жағынан буландырып көріңіз.
Жібек немесе ши барқыт секілді маталарды булап жібіту кезінде, бу үтік-
шесін бұйымнан біраз қашықтықта ұстай отырып матаны өңдеңіз.
7.2 Электр құралын желіге қосыңыз. Электр құралын желіге қосыңыз және
ажыратқышқа басыңыз. Жұмыс индикаторы жанады.
7.3 Құралдың қызу уақыты 90 секундты құрайды.
7.4 Буландыру процесі кезінде құралды тік ұстаңыз және оны баяу жылжы-
тыңыз. Құралды еңкейтпеңіз және оны көлденең күйде қолданбаңыз, әйт-
песе құралдан су аға бастайды. Егер жұмыс процесінде құралды қою қажет
болса, ажыратқыш батырмасын тағы бір рет басыңыз, индикатор сөнеді,
сонда бу беру тоқтатылады.
7.5 Құралды электр желісінен толықтай ажырату үшін ажыратқышты басу
және ұстап тұру, сосын қуат беруші баусымның ашасын розеткіден шығару
керек.

Содержание

Скачать