LG VC5316NNDR Black [30/77] Пайдалану

LG VC5316NNDR Black [30/77] Пайдалану
5
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
ҚАЗАҚША
Құрылғымен берілген қуат ашасын өзгертпеңіз. Егер ол
розеткаға сәйкес келмесе, білікті электр маманына дұрыс
розетканы орнатуға мүмкіндік беріңіз.
Шаңсорғышты орнату немесе жылжыту барысында, қуат
сымының немесе ашаның қысылып қалмауын, сынбауын немесе
зақымдалмауын қадағалаңыз.
Пайдалану
Шаңсорғышты тек осы нұсқаулықта сипатталғаны бойынша
пайдаланыңыз. Тек өндіруші ұсынған саптамаларды
пайдаланыңыз.
Бұл шаңсорғыш тек үйде пайдалануға арналған және келесі
жерлерде пайдаланылмауы тиіс:
- Тұрғын емес, коммерциялық немесе өндірістік қосымшалар;
- Сыртқы орындар, гаражда немесе ылғалды беттерде.
Қуат сымын, ашаны немесе шаңсорғыштың басқару
элементтерін су қолыңызбен ұстамаңыз.
Құрылғыны ешқашан қуат кабелінен тарту арқылы
ажыратпаңыз. Қуат ашасын әрқашан мықтап ұстап, розеткадан
тіке тартып шығарыңыз. Саусақтарыңыз қуат ашасының
істіктерімен жанаспайтындығына көз жеткізіңіз.
Қуат сымын артық бүкпеңіз не оған ауыр зат қоймаңыз.
Қуат сымын зақымдамаңыз, ауыстырмаңыз, күшпен
майыстырмаңыз, бүкпеңізғ тартпаңыз, қыспаңыз немесе
қыздырмаңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде айналаңызды ескеріп, сынғыш
заттарға тимеңіз. Басқа құрылғылардың қуат сымдарын
тазартылатын жерден алып тастаңыз.
Су аққан жағдайда, тоқ көзінен ажыратып, LG Electronics
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Шаңсорғышты үстел немесе баспалдақ сияқты беттерде
шаңсорғыш құлауы мүмкін жерлерде қолданбаңыз.
kk_main.book.book Page 5 Thursday, December 2, 2021 11:00 AM

Содержание

Скачать