Атлант СМА-80С1213-01 Руководство по эксплуатации онлайн [13/48] 800547

Атлант СМА-80С1213-01 Руководство по эксплуатации онлайн [13/48] 800547
13
KAZ
жуу операцияларының индикаторлары
қосымша функциялардың
индикаторлары
температураны таңдау түймесі
сығу кезінде барабанды
айналдыру жиілігін таңдау түймесі
қосымша функцияларды таңдау түймелері
«Опция/3сек.» түймесі
температура индикаторы
сығу жылдамдығының индикаторлары*
балалардан қорғау индикаторы
есікті блоктау индикаторы
«Дыбыстық дабылдама сөндірілген»
индикаторы
ақау индикаторы
уақыт индикаторы
3-сурет – Индикация аймақтары және басқару түймелері
1.4 ДЫБЫСТЫҚ ДАБЫЛДАМАНЫ ҚОСУ / СӨНДІРУ
1.4.1 Машинада дыбыстық дабылдама қарастырылған.
Дыбыстық сигналдар машинаның жұмыс істей бастауы мен
аяқталуын білдіреді, сондай-ақ, «Балалардан қорғау
» функ-
циясын таңдағанда, үйлеспейтін функцияларды берген кезде,
машина жұмыс істеген кезде түймелерді кездейсоқ басқан кез-
де, жуу бағдарламасын орындау кезінде бағдарламаны таңдау
тұтқасын бұрағанда, сондай-ақ, ақау болғанда естіледі.
Дыбыстық дабылдама (ақауын білдіретін сигналдардан
басқа)
жəне түймелерін біруақытта ұзақ (ең кемі 3 секунд)
басып сөнеді,
индикаторы жанады. жəне түймелерін
қайта басқан кезде дыбыстық дабылдама қосылады,
индика-
торы сөнеді.
1.5 МАШИНАНЫ ҚОСУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАУ
1.5.1 Машинаны қосу үшін
түймесін басу керек. «Мақта»
бағдарламасының индикаторы жанады. Тұтқаны бұрап, 2-суретке
сəйкес жуу бағдарламасын таңдаңыз. Таңдалған бағдарламаның
бөліктеріне тұтқаны орнатқан кезде бағдарлама индикаторы,
жуу операцияларының индикаторлары, жуу температурасы мен
сығу жылдамдығы мəндерінің индикаторлары, ұзақ жуу уақыты
жанады.
1-кестеге сəйкес бағдарламаны таңдаған езде өндірушінің
орнатқан негізгі жуу параметрлері (сығу жылдамдығы, жуу тем-
пературасы, оның ұзақтығы мен басқалары) автоматты түрде
беріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер машинаны қосқаннан кейін
индикатор
жанса, онда түймелердің құлпын ашу және
жуу параметрлерін таңдау үшін «Балалардан қорғау» функ-
циясын өшіру керек.
Егер машинаны қосқаннан кейін 15 минут бойы бағдарлама
қосылмаса (1.9.1 қараңыз), онда машина электр қуатын үнемдеу
үшін автоматты түрде сөнеді.
1.5.2 Уақыт индикаторында көрсетілетін жуу ұзақтығы
зертханалық жағдайда белгіленген. Ол су құбыры желісіндегі су
температурасы мен қысымына, жүктелетін киім-кешекке, бұйым
мата түріне, электр желісіндегі кернеу шамасының өзгеруіне жəне
т.б. байланысты машинаның жұмыс барысында өзгеруі мүмкін
(азаюы немесе көбеюі мүмкін).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дисплейдегі жууды аяқтау
уақытымен нақты жууды аяқтау уақытымен сәйкес келмеуі
мүмкін.
1.5.3 Бағдарлама жуа бастағанға дейін ғана таңдап алынады.
Машинаның жұмыс істеу кезінде жаңа бағдарламаның бөліктеріне
тұтқаны орнату (машинаны сөндірмей) бұрын таңдалған
бағдарламаны өзгертуге мүмкіндік бермейді.
1.5.4 Бағдарламаны таңдағаннан кейін жуу параметрлерін
өзгертуге жəне 1.6 – 1.8 сəйкес қосымша функцияларды таңдай
аласыз.
1.6 ТЕМПЕРАТУРАНЫ ТАҢДАУ
1.6.1 3-суретке сəйкес
түймесімен бағдарламамен
қарастырылған жуу температурасын өзгертуге болады. Түймеге
тиген кезде температураның сандық мəндерінің жанында индика-
торлар жанады. Машинада жуу температурасының таңдалатын
мəндері: 20
0
С, 30
0
С, 40
0
С, 60
0
С, 90
0
С.
1.7 СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ТАҢДАУ
1.7.1 3-суретке сəйкес
түймесімен жуу бағдарламасымен
қарастырылған сығу жылдамдығын азайтуға болады. Түймеге
тиген кезде кезек-кезек қайталанатын күйде ең үлкен мəннен (ма-
шина моделіне байланысты) ең аз мəнге
(сығу сөніп тұр) дейін
сығу жылдамдығының сандық мəндері жанында индикаторлар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Негізгі жуу операциялары ара-
сында сығу жылдамдығы реттелмейді және таңдалған
бағдарламаға байланысты болады.
1.8 ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАРДЫ ТАҢДАУ
1.8.1 Жуа бастағанға дейін қосымша функцияларды таңдауға
болады. Машина жұмыс істеу барысында қосымша функциялар-
ды таңдаған кезде үш рет дыбыстық сигнал естіледі. Қосымша
функция қосылмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер таңдалған функция таңдалған
бағдарламамен үйлеспесе, дыбыстық сигнал естіледі, инди-
катор жанбайды және функция қосылмайды.
1.8.2 «Опция/3сек.» түймесі келесі қосымша функцияларды
таңдауға мүмкіндік береді:
– «Қосымша шаю»,
– «Су қосу»,
– «Суға жібіту»,
– «Алдын ала жуу»,
– «Түнгі жуу».
Қажетті функция индикаторы жыпылықтағанша, функция
«Опция/3сек.» түймесін қысқа уақыт ішінде басып, функция
таңдап алынады. Содан кейін «Опция/3сек.» түймесін ұзақ басып
(ең кемі 3 секунд) таңдау расталады. Индикатор жыпылықтамай
жанады.
Қажет болған жағдайда, тура сол күйде функцияларды
таңдауды жалғастыруға болады.
Таңдалған функциядан бас тарту үшін «Опция/3сек
түймесімен функция индикаторын таңдап, «Опция/3сек.»
түймесін ұзақ баса отырып, таңдауды растау қажет.
1.8.3 Басқа қосымша функцияларды тиісті түймені басып
таңдайды:
* Сығу жылдамдығы мəндері машина үлгісіне тəуелді.
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

Содержание

Похожие устройства