Haier HW90-BP14929AS [39/68] Қауіпсіздік техникасы туралы ақпарат

Haier HW90-BP14929AS [39/68] Қауіпсіздік техникасы туралы ақпарат
6
KZ
1. Қауіпсіздік техникасы туралы ақпарат
өшіріңіз және машинаның табиғи түрде кебуін күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Орнату
►
Машинаны тек 5 °C-тан жоғары температурада орнатыңыз немесе
қолданыңыз.
►
Машинаны тікелей кілемге, қабырғаға жақын жерде немесе жиһаздың
жанында орнатуға тыйым салынады.
►
Машинаны тікелей күн сәулесі түсетін жерге немесе жылу көздеріне
(пештер, жылытқыштар сияқты) жақын жерде орнатпаңыз.
►
Зауыттық тақтайшадағы көрсетілген электр сипаттамалары электрлік
қуат көзінің сипаттамаларына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Сәйкес
келмеген жағдайда электриктің көмегіне жүгініңіз.
►
Үштіктер мен ұзартқыш кабельдерді пайдалануға тыйым салынады.
►
Құрылғымен бірге берілген қуат көзі кабелі мен шланг жинағын ғана
пайдаланыңыз.
►
Электр кабелі мен вилканың зақымданбауын бақылаңыз. Зақымдалса
ауыстыру үшін электршіге жүгініңіз.
►
Машинаны қуаттау үшін оны орнатқан соң оңай қол жеткізуге бола-
тын, жерге тұйықталған бөлек электр резеткісін қолданыңыз. Машина
міндетті түрде жерге тұйықталған болуы тиіс.
►
Шланг арқылы жалғанған жерлерінің беріктігін және су ақпайтынын
тексеріңіз.
Мақсаты бойынша пайдалану
Бұл бұйым кір жуатын машинада жууға болатын киімдерді жуу үшін ғана
арналған. Барлық жағдайда киім заттаңбасындағы күтім жасау жөніндегі
нұсқауларды орындау қажет. Кір жуғыш машина тек үй ішінде тұрмыстық
қолдануға арналған. Ол коммерциялық немесе өнеркәсіптік пайдалануға
арналмаған.
Құрылғының құрылымына өзгертуге енгізуге жол берілмейді. Мақсаты
бойынша пайдаланбау қауіпті жағдайларға алып келуі және барлық
кепілдіктердің күшін жоюы мүмкін.

Содержание

Скачать