Haier HD90-A2929AS [37/64] Назар аударыңыз

Haier HD90-A2929A [37/64] Назар аударыңыз
1 – Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ақпарат
KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Күнделікті пайдалану
f Аспапта келесі заттарды кептірмеңіз:
f Жуылмаған заттар.
f Өсімдік майы, ацетон, спирт, бензин, газолин, керосин, дақ
кетіргіштер, скипидар, балауыз, балауыз кетіруге арналған құралдар
секілді оңай тұтанатын заттармен немесе басқа химиялық заттармен
ластанған құралдар. Бу өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін. Бұл
машинада кептірудің алдында өсімдік майы, ацетон, спирт, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және балауызды кетіруге
арналған құралдар секілді заттармен ластанған құралдарды жуғыш
зат қосылған ыстық сумен жуып алған жөн.
f Салынды немесе толтырғыш бар заттар (мысалы, жастықтар,
курткалар), өйткені толтырғыш кептіргіште тұтану қаупімен сыртқа
шығып кетуі мүмкін.
f Кеуекті резеңке (латексті пенорезеңке), душқа арналған
қалпақшалар, су өткізбейтін тоқыма бұйымдары, резеңкеленген
бұйымдар және пенорезеңкеден жасалған төсемдермен
жабдықталған киім немесе жастықтарды машинада кептірмеген жөн.
f Конденсацияланған суды ішуге тыйым салынады.
f Орнатылған түкке арналған сүзгі немесе конденсатор сүзгісі жоқ немесе
зақымдалған сүзгісі бар аспапты қолданбаңыз.
f Кептіру циклінің соңғы бөлігінің киімді зақымдамайтын температурада
ұстау үшін жылытусыз (салқындату циклі) жүретініне назар аударыңыз.
f Жұмыс кезінде аспапты ұзақ уақыт қараусыз қалдырмаңыз. Егер ұзақ
уақыт болмау күтілетін болса, кептіру циклі машинаны өшіріп, желіні
ажырату арқылы үзілуі керек.
f Егер барлық заттар жылуды босатуға болатындай тез алынып
тасталмайтын болса, кептіру циклі аяқталғанға дейін аспапты өшірмеңіз.
f Электр қуатын үнемдеу және қауіпсіздік мақсатында әр кептіру
бағдарламасынан кейін аспапты өшіріңіз.
Техникалық қызмет көрсету / тазалау
f Егер балалар тазалау мен қызмет көрсету жұмыстарын орындайтын
болса, олар бақылауда екендігіне көз жеткізіңіз.
f Профилактикалық күтім бойынша қандай да бір іс-әрекетті жүзеге
асырудың алдында машинаны электр желісінен ажыратыңыз.
37

Содержание