Haier HD90-A2929A [58/64] Орнату

Haier HD90-A2929A [58/64] Орнату
12-4
12.6 Кептіру машинасын кір жуғыш машинаның
үстіне орнату
Кептіру машинасын кір жуғыш машинаның үстіне
орнатуға рұқсат етіледі. (12-4-сур.). Барлық кір жуғыш
машиналар бұл мақсатқа сәйкес келмейді. Мұндай орнату
туралы ақпаратты, сондай-ақ тиісті орнату жиынтығын
жергілікті дилерден алуға болады.
Орнату жөніндегі нұсқаулар орнату сатылары егжей-
тегжейлі сипаттайтын жиынтықпен бірге жеткізіледі.
12.7 Машинаны түзету
Ең аз шу деңгейінде оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін машинаны туралау
МАҢЫЗДЫ. Кептіру машинасын барлық төрт аяғында тегіс тұратындай етіп, оның соңғы
орнына мүмкіндігінше жақын туралау керек. Машинаның теңселіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Машинаны барлық жағынан туралаңыз (12-5-сур.):
Деңгейді машинаның артқы жағының ортасына қойыңыз.
Кептіру машинасы тегістелгенше артқы аяқтардың орналасуын реттеңіз.
Аяқтарды корпустан толығымен бұрап алуға тыйым салынады.
Кептіру машинасын алдынан артқа қарай туралаңыз (12-6-сур.):
Деңгейді сол жаққа қойыңыз.
Алдыңғы сол аяқты реттеңіз (төмен түсіріңіз).
Оң аяғы үшін көрсетілген қадамдарды қайталаңыз.
Машинаның деңгейін екі рет тексеріңіз (12-6-сур.):
Деңгейді машинаның алдыңғы бөлігінің ортасына қойыңыз.
Машинаның теңселіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Егер машина тураланбаған болса, жоғарыда көрсетілген әрекеттерді қайталаңыз.
Тегістеуден кейін кептіру машинасының бұрыштары еденге тиіп кетпеуі керек, ал машинаның
өзі теңселмеуі керек.
12 - Орнату
KZ
58

Содержание