Galaxy Line GL2441 [18/21] Техникалық қызмет көрсету

Galaxy Line GL2441 [18/21] Техникалық қызмет көрсету
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Оны тазалаудың және жуудың алдында электр құралының электр
желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіп алыңыз. Құралды әрбір таза-
лаудан кейін тазалау жүргізіп отыру ұсынылады.
8.2 Құралдың беттерін қажақты құралдарды қолданусыз дымқыл матамен
сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды суға батыруға болмайды!
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Құралды желдетілетін жабық бөлмеде, балаларға қолжетімді емес орында,
0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған орта температурасында және 80%-ға
дейінгі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шарттарында сақтау керек.
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана та-
сымалдау керек болады. Тасымалдаудан немесе құрылғыны төмендетілген
температурада сақтаудан кейін оны бөлме температурсында кем дегенде
екі сағаттай ұстау қажет.
Өнімді тасымалдау, тиеу, арту және сақтау кезінде осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа да келесі талаптарды басшылыққа
алу керек болады:
- өнімді оның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге ұшыратуға тыйым
салынады;
- өнімнің қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп кетулерін
болдырмау қажет. Бұрын пайдалануда болған өнімді тасымалдаудың неме-
се теріс температурада сақтауға берудің алдында өнімде судың жоқтығына
көз жеткізіп алу қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары керек.
Құралды температураның елеулі өзгерулерінен және тура күн сәулелерінің
әсерлерінен сақтаңыз.
9.1 Кәдеге жарату
Бұйымды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға орны толғысыз зиян
келтіреді.Ақаулы бұйымды сонымен бірге пайдаланылған қуат беру
элементтерін тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Осы
мақсаттар үшін мамандандырылған кәдеге жарату орталығына
жүгініңіз. Сіз тұрмыстық бұйымдарды, жабдықтарды және пайдаланылған
қуат беру элементтерін қайта өңдеуге қабылдаушы бекеттердің мекен-
жайларын Сіздегі елді мекендегі муниципалдық қызметтен ала аласыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать