Galaxy Line GL2442 [17/21] Пышақтың жүзін сол жақ ойыққа қойыңыз пышақ жүзінің ұштаушы

Galaxy Line GL2442 [17/21] Пышақтың жүзін сол жақ ойыққа қойыңыз пышақ жүзінің ұштаушы
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз. Бұйымның және адаптердің қуат беру
баусымының бүтіндігін тексеріңіз.
6.2 Қуат беру адаптерінің баусымын ұстап тұрған элементтерден
босатыңыз, оны қайрау кезінде пышақ оған жанаспайтындай етіп тіктеңіз.
6.3 Корпусты дымқыл матамен сүрту керек.
6.4 Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал болаттың әр түрлі түрлерінен жасалған
асүйлік пышақтардың жүздерін қайрауға арналған, керамикалық
пышақтарды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал қайшыларды, пышақтардың тісті жүздерін,
құралдың кертіктеріне еркін кіре алмайтын кез келген басқа да жүздерді
қайрауға арналмаған.
7.1 Құралды орнықты тегіс бетке қойыңыз.
7.2 Құралды желіге қосудың алдында, ажыратқыштың «0» («Сөндірулі»)
күйінде тұрғандығына көз жетізіп алыңыз, содан кейін құралды желіге
қосыңыз. Ажыратқышты «I» («Іске қосулы») күйіне ауыстырыңыз.
7.3 Пышақтың жүзін сол жақ ойыққа қойыңыз. Пышақ жүзінің ұштаушы
шеңбермен тығыз қарымқатынасқа түсуіне көз жеткізіңіз. Пышақтың жүзі
ойықтың сол жағына сүйенуі керек.Пышақтың жүзін кертік арқылы 4-8
секунд бойы пышақтың тұтқасынан жүздің ұшына қарай бағыты бойынша
баяу жүргізіңіз. Пышақты оның жүзінің пішінін қайталаумен қайраңыз.
Қайрау процесі кезінде пышаққа күш салмаңыз, минималды күш жұмсаңыз.
Пышақтарды қайрау процесі кезінде электр құралын корпусынан ұстаңыз.
Кертіктерге және пышаққа саусақтармен жанаспаңыз.
7.4 Осы әрекетті ұштағыштың оң жақ ойығына да қайталаңыз. Пышақ
жүзінің оң жағы ұштағыш ойығының оң жақ ойығымен жанасуы керек.
Пышақтың жүзін кертік арқылы 4-8 секунд бойы пышақтың тұтқасынан
жүздің ұшына қарай бағыты бойынша баяу жүргізіңіз.
7.5 Қайрау процесі аяқталғаннан кейін қайраудың нәтижесінде пайда
болған ықтимал қонбалар мен үгінділерді кетіру үшін матаны және жуғыш
құралды қолданумен пышақты мұқият жуыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қайрағыш шарықпен жанасу кезінде жоғары
көмiртектi болаттан жасалған кейбір жүздер ұшқындардың пайда болула-
рын шақыруы мүмкін –бұл қалыпты құбылыс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Біркелкі ұштау үшін жүзді пышақ өткір болғанша
дейін кезек-кезек оң жақ және сол жақ ойықтарда қайрау керек.
Әдетте, шамамен 5 өту жеткілікті болады, біра қ қаттылығы жоғары және
керамикалық пышақтар үшін шамамен 10 жүріс талап етіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Пышақтың қайрау кезінде бұрамаңыз
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қайрау кезінде жүзге қысымның тұрақты күшін
және жылдамдығын сақтаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать