Galaxy Line GL4941 [14/18] Бетке арналған кремді тері бойынша бірқалыпты бөлу үшін көздердің

Galaxy Line GL4941 [14/18] Бетке арналған кремді тері бойынша бірқалыпты бөлу үшін көздердің
14
14
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
саптама-ысқышты қолданумен айналма қозғалыстармен уқалаңыз.
Назар аударыңыз! Массажерді көздердің айналасындағы және еріннің
маңындағы сезімтал тұстарға қолданбаңыз.
6. Сіздің теріңіздің типіне жарайтын бетпердені бетіңізге жағыңыз және
осылайша бетті 3-5 минут бойы өңдеңіз. Осы шараның нәтижесінде бетпер-
де тер қабатына тереңірек енеді және мерзімінен бұрын қартаюға кедергі
болады.
7. Шарадан кейін бетперденің қалдықтарын майлықпен немесе сумен
кетіріңіз.
8. Бетке арналған кремді тері бойынша бірқалыпты бөлу үшін көздердің
айналасындағы нәзік теріге ерекше назар аудара отырып, саптама-
ысқышты қолданыңыз. Аталған шараның ұзақтығы 2 минуттан аспауы
керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Оңтайлы нәтижелерді алу үшін құралды күн сайын
10-15 минуттай қолдану ұсынылады.
АУЫСТЫРМАЛЫ МАССАЖДЫҚ
САПТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Жұмсақ саптама-шөтке саптама жуу, беттің және мойынның
беттерінен ластануларды кетіру, бет терісіне пилинг жасау және жұмсақ
тыныштандырғыш массаж үшін қолданылады. Басқа саптамалардың ал-
дында қолдану ұсынылады.
Саптама –ысқыш–нәзік пилинг және крем мен негіздерді макияжға жағу
үшін қолданылады, соның нәтижесінде макияж мінсіз тегіс болады.
Ірі шынашақ саптама – массаждық шарларымен саптама мимикалық
бұлшықеттерден шаршағандықты және күш түсулерді басу, теріні жазу
және тіндердің қоректенулерін жақсарту, сонымен қатар нәзік массаж үшін
қолданылады.
Шағын шынашақ саптама - жақтардың, иек және кең ойық тұстарына
жасартушы массаж жасау үшін қолданылады.
Нүктелік массажға арналған саптама - бетке және мимикалық
бұлшықеттерге терең нүктелік сергітуші массаж жасау үшін қолданылады,
тіндердің қоректенуін жақсартады, беттің түсін тегістейді және әжімдерді
жазады.
Толқын тәрізді массаждық саптама – бетке жасартушы тиімді массаж
жасауға арналған бірегей пішінді саптама, әжімдердің жазылуына және
беттің сопағын жақсартуға себепші болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек үйде қолдануға ғана арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек массаж жасауға, бет терісін тазалауға
және пилинг жасауға ғана арналған.

Содержание

Похожие устройства

Скачать