Galaxy Line GL8228 White [20/29] Болдырмаңыз себебі бұл электр тоғымен зақымдалуға өрттің пайда бо

Galaxy Line GL8228 White [20/29] Болдырмаңыз себебі бұл электр тоғымен зақымдалуға өрттің пайда бо
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4.27 Саусақтарды тықпаңыз және бөтен заттардың қандай да болма-
сын желдеткіш, ауа жинағыш немесе шығыс саңылауларға түсіп кетуін
болдырмаңыз, себебі бұл электр тоғымен зақымдалуға, өрттің пайда бо-
луына немесе құралдың бүлінуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.28 Құралды сұйықтыққа батырмаңыз, сұйықтықтың құралдың ішіне кіріп
кетпеуін қадағалаңыз, бұл электр тоғымен зақымдалуға әкеліп соқтыруы
мүмкін.
4.29 Құрал суға түсіп кеткен жағдайда оны алып шықпаңыз. Қуат беру
баусымының істікшесін жылдам электр желісінен ажыратыңыз.
4.30 Құралды терезе алдына орнатпаңыз, жаңбыр тамшыларының тиіп
кетуі электр тоғымен зақымдалуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.31 Құрал іске қосылулы және/немесе жұмыс істеп тұрған кезде оның
беттеріне және басқару блогының беттеріне дымқыл қолдармен және
дененің кез келген бөліктерімен жанаспаңыз.
4.32 Құралды ванналарға, душтарға, жүзу бассейніне тікелей жақын жер-
лерде, құралдың жұмыс істеп тұрған кезінде оның бетіне су ағындары мен
жаңбыр тамшыларының тура тиіп кету ықтималдылығы бар нақты орын-
дарда қолдануға тыйым салынады.
4.33 Құрал ванна немесе душ қабылдаушы адамның басқару панеліне
кездейсоқ жанаса алмайтындай етіп орнатылған болуы керек.
4.34 Пайдалану кезінде аталған құрал қызады. Күйіп қалуларды болдыр-
мау үшін ыстық беттерге жанаспаңыз. Құралды сөндіріңіз және оны басқа
орынға орналастырудың немесе сақтауға қоюдың алдында оны суытыңыз.
4.35 Егер құралды ұзақ уақыт бойы қолданбау жоспарланса, оны та-
залау және сақтауға (дұрысы зауыттық қаптамада) құрғақ орынға қою
ұсынылады.
4.36 Қуат беру баусымын қызу көзінен, майдан және өткір заттардан алыс
ұстаңыз.
4.37 Бұйыммен жиынтықта жеткізілмеген керек-жарақтарды қолдану
қауіпті болуы және бұйымның істен шығуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.38 Термоажыратқыштың кездейсоқ іске қосылуымен шақырылатын
қауіптерге жол бермеу үшін құралға таймер секілді сырттай сөндіруші
құрылғы арқылы қуат берілмеу керек немесе әдетте, коммуналдық
қызметтермен іске қосылатын және сөндірілетін желіге қосылмауы тиіс.
4.39 Құрал суға түсіп кеткен жағдайда ашаны электр розеткіден шығарумен
оны тез арада электр желісінен ажыратыңыз. Бұл ретте ешбір жағдайда
суға қолдарыңызды салмаңыз. Құралды одан әрі қолдану мәселесі бойынша
авторландырылған сервистік орталыққа жүгініңіз.
4.40 Өнімнің ақаулары анық немесе күдікті болған жағдайда, өнімді диагно-
стикалау және жөндеу бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
4.41 Қыздырғышты тікелей штепселдік розеткінің астына орналастыруға
тыйым салынады.
ЕСКЕРТУ! Аталған қыздырғыш бөлмеде температураны басқару
құрылғысымен жабдықталмаған. Қыздырғышты оларда бөлмеден өз
күшімен кетуге қабілетсіз тұлғалар болса, егер оларды тұрақты бақылау
қамтамасыз етілмесе, шағын бөлмелерде қолданбау.

Содержание

Похожие устройства

Скачать