Beko B3WFR56H2WWB [43/68] Кір жууға дайында

Beko B3WFR56H2WWB [43/68] Кір жууға дайында
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
43 / KZ
4 Кір жууға дайында
жууға жарайтын жуу құралдарын
ғана пайдаланыңыз. Қаптамадағы
нұсқаулықтарды міндетті түрде орындаңыз.
Шалбар мен жұқа іш киімдерді ішін сыртқа
аударып жуыңыз.
Ангор жүнінен жасалған бұйымдарды
жуу алдында бірнеше сағатқа мұздатқыш
камераға салып қойыңыз. Бұл жүннің
жабағылануын азайтады.
Ұнмен, әкпен, құрғақ сүтпен және т.б.
қатты ластанған киім-кешекті машинаға
жүктер алдында қағу керек. Мұндай түрдегі
ластанулар уақыт өте келе машинаның ішкі
компоненттерінде жиналып қалуы мүмкін
және оның зақымдануына себеп болады.
4.3. Электр энергиясын үнемдеу
бойынша ұсыныстар
Бұл ұсыныстар қоршаған ортаны ластамай
үнемді кір жууға көмектеседі.
Таңдалған бағдарлама бойынша
максималды киім-кешекті машинаға
жүктеңіз, бірақ машинаны артық
жүктемеңіз (қара. «Энергияны тұтыну және
бағдарламаларды таңдау кестесі» қара.).
Жуу құралының қаптамасында келтірілген
нұсқаулықтарды қатаң сақтаңыз.
Аз ластанған киім-кешекті төмен
температурада жуыңыз.
Аз мөлшерде кір жуу үшін қысқа
бағдарлааларды пайдаланыңыз.
Жоғары температурада тек қатты ластанған
киім-кешекті немесе дақтары бар киім-
кешекті жуу және жібіту үшін пайдаланыңыз.
Егер сіз кептіргіш автоматында киім-
кешекті кептіруді жоспарласаңыз, сығудың
максималды жылдамдығын орнатыңыз.
Қаптамада көрсетілген жуу құралының
мөлшері бойынша нұсқауларды сақтаңыз.
Қажетінен артық ұнтақты пайдаланбаңыз.
4.4. Алғаш рет қосу
Бұйымды пайдалануды бастамас бұрын
«Орнату» және «Қауіпсіздік техникасы және
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маңызды
нұсқаулықтар» бөлімдерінде сипатталған
барлық қажетті дайындық процедураларын
орындаңыз.
Кір жуғыш машинаны кір жууға дайындау үшін
«Барабанды тазалау» бағдарламасын іске
қосыңыз. Егер машинада мұндай бағдарлама
жоқ болса, 6.2-тармағында сипатталған әдісті
қолданыңыз.
C
Кір жуғыш машиналарға арналған жуу
құралдарын ғана пайдаланыңыз.
Кір жуатын машинада дайындаушы-
кәсіпорында сапаны бақылау
процесінде пайдаланылған біраз су
қалуы мүмкін. Бұл машина үшін қауіп
тудырмайды.
4.5. Жүктеудің дұрыс көлемі
Жүктеудің максималды көлемі киім-кешектің
түріне, ластану дәрежесіне және қолданылатын
жуу бағдарламасына байланысты.
Машина автоматты түрде жүктелген киім-
кешектің салмағына сәйкес су көлемін
реттейді.
A
ЕСКЕРТУ:
«Бағдарламаларды таңдау және
энергияны тұтыну кестесінде»
келтірілген мәліметтерді
пайдаланыңыз. Жүктеудің рұқсат
етілген көлемінің артуы жуу
сапасының нашарлауына, сондай-
ақ машинаның жұмыс істеуі кезінде
жоғары діріл мен шуылға алып
келеді.
Киім-кешектің түрі Салмағы (г)
Шомылу халаты
1200
Майлықтар
100
Көрпе тысы
700
Ақжайма
500
Жастық тысы
200
Дастарқан
250
Сүлгі
200
Қолға арналған сүлгі
100
Кешкі көйлек
200
Іш киім
100
Ерлердің жұмыс
комбинезоны
600
Ерлерге арналған
көйлек
200
Ерлерге арналған
пижама
500
Блузалар
100
4.6. Киім-кешекті жүктеу
1.Жүктеу люгінің есікшесін ашыңыз.
2.Киім-кешекті түзеп, оны сықпай машинаға
жүктеңіз.
3.Есікті жабыңыз және құлыптың сыртылы
естілгендей етіп басыңыз. Киім-кешек есікшеге
қыстырылып қалмауын қадағалаңыз.
C
Бағдарламаны орындау кезінде
жүктеу люгінің есігі бұғатталады.
Есікті бағдарлама аяқталғаннан кейін
біраз уақыт өткеннен кейін ғана ашуға
болады.
A
ЕСКЕРТУ: Егер киім-кешек барабанға
дұрыс таратылып салынбаса, бұл
машина жұмыс істеп тұрғанда жоғары
діріл мен шу тудыруы мүмкін.

Содержание

Скачать