Galaxy Line GL6900 Green [17/22] Және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіңіз корпусты ал

Galaxy Line GL6900 Green [17/22] Және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіңіз корпусты ал
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Электр құралын қораптан шығарыңыз
және қаптаушы материалды (бар болған жағдайда) алып тастаңыз.
Бұйымның және USB-кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Жиынтықты тексеріңіз
және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіңіз. Корпусты ал-
дымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз. Сұйықтық үшін
ыдысты жуыңыз.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Құралды зарядтау
7.1.1 Корпустағы порт жалғағышының силикондық қорғаныс қақпағын
ашыңыз, USB-кабелді құралдағы жалғағышқа қосыңыз және одан заряд-
тау жүзеге асырылатын болатын құрылғының стандартты USB-портына
қойыңыз (жиынтықта жеткізілмейді).
7.1.2 Зарядтау процесінде құралдың индикаторы қызыл түспен жанатын
болады. Индикатор сөнген кезде, бұл құрылғының толықтай зарядталғанын
білдіреді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралыныңаккумуляторлық батарея-
сын әрдайым электр құралын бірінші рет қолданудың алдында, заряд
деңгейі төмен кезде, сонымен бірге ұзақ мерзімдік үзілістен кейін оны
пайдаланудың алдында зарядтап алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын зарядтау кезінде қолданбаңыз.
7.1.3 Құралдың толықтай зарядталуын тосыңыз және USB-кабелді желілік
зарядтау құрылғысының USB-портынан және құралдан ажыратыңыз,
корпустағы порттың қақпағын жабыңыз. Электр құралы қолдануға дайын.
7.1.4 Құралдың аккумуляторын тек толық қуаты аяқталған кезде ғана за-
рядтау ұсынылады. Құралды АКБ толықтай зарядталған кезде ғана іске
қосқан дұрыс болады.
7.2 Электр кұралын пайдалану
7.2.1 Сағат тіліне қарсы айналдыра отырып, сұйықтық үшін ыдысты
шешіңіз, және максималды деңгейден (1,5 л) асырмай оны толтырыңыз.
Резервуарды бүріккішке бекітіңіз.
7.2.2 «Спрей» режимін қолдану үшін шүмек тығыз бұралған болуы керек.
«Ағын» режимін қолдану үшін шүмекті сағат тіліне қарсы аздап бұрыңыз.
7.2.3 Ажыратқышты басыңыз, бүрку процесі басталады. Құралды сөндіру
үшін ажыратқыш батырмасына қайта басыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер жұмыс уақытында суға арналған контейнер
бүйірлерден қысылса, онда желдеткіш клапандағы саңылауды тазалау
қажет.

Содержание

Похожие устройства

Скачать