Hisense RS840N4AIF [32/82] Ішкі жарықтандыру шамдарын ауыстыру ескерту ішкі жарықтандыру шамдарын пайдаланушыға

Hisense RS840N4AIF [32/82] Ішкі жарықтандыру шамдарын ауыстыру ескерту ішкі жарықтандыру шамдарын пайдаланушыға
Жалпы қауіпсіздік
Жалпы қауіпсіздік шаралары
Құрылғы тұрмыстық және ұқсас ортада қолдануға арналған, соның ішінде:
- дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған
ас үй бөлмелері;
- саяжайларда, фермерлік ғимараттарында және клиенттердің қонақ үйлерде, мотельдерде
және басқа тұрғын үй-жайларда пайдалануына;
- «төсек және таңғы ас» түріндегі қонақ үйлерде;
- тамақтандыру қызметтері және бөлшек саудаға байланысты емес соған ұқсас қолдану.
Құрылғының ішіндегі қысымды цилиндрлерде жанғыш газ сияқты жарылғыш заттарды
сақтамаңыз.
Қауіпті болдырмау үшін зақымдалған қуат баусымын уәкілетті қызмет көрсету орталығының
маманы немесе ұқсас білікті маман ауыстыруы тиіс.
ЕСКЕРТУ Желдету саңылаулары әрқашан бос болуы тиіс, тіпті аспапты кіріктірген
жағдайда.
ЕСКЕРТУ Жібіту процесін жеделдету үшін механикалық құралдарды немесе басқа
құралдарды қолданбау керек. Аспаптың өндірушісі ұсынған құрылғыларды ғана қолдану
керек.
ЕСКЕРТУ - Тоңазыту тізбегінің зақымдануына жол бермеңіз.
ЕСКЕРТУ - Егер бұл аспаптарды өндіруші ұсынбаса, өнімдерді сақтау үшін бөліктің ішінде
электр аспаптарды қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ Салқындатқыш агент және оқшаулағыш газ тез тұтанғыш заттар болып
табылады.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны орнатқанда, қуат сымының қысылып қалмағанына немесе
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ! Ауыз суды тек су ыдысына құйыңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғының артына көп штепсельді ұзартқыш сымдарды немесе портативті қуат
көздерін қоймаңыз.
Ішкі жарықтандыру шамдарын ауыстыру
ЕСКЕРТУ - Ішкі жарықтандыру шамдарын пайдаланушыға
ауыстыруға тыйым салынған. Егер шамдар зақымдалған болса,
көмек алу үшін уәкілетті сервистік орталыққа хабарласыңыз.
Хладагент (Салқындатқыш агент)
Тоңазытқышта экологиялық үйлесімділік деңгейі жоғары табиғи газ,
изобутан (R600a) сияқты салқындатқыш газ қолданылады. Сонда
да бұл газ тез тұтанатын газдар санатына жатады. Тоңазытқышты
тасымалдау және орнату кезінде тоңазыту контуры түйіндерінің
ешқайсысы зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш агент (R600a) тез тұтанғыш зат болып табылады.
ЕСКЕРТУ! Аспаптың құрамында салқындатқыш агент және
оқшаулағыш қабатта газ бар. Салқындатқыш агент және газ тиісті
түрде кәдеге жаратылуы тиіс, себебі олар көздің жарақаттануына
немесе тұтануға алып келуі мүмкін. Кәдеге жарату алдында
салқындату контурының түтігі зақымдалмағанын тексеріңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать