Hisense RS840N4AIF Руководство по эксплуатации онлайн [34/82] 801710

Hisense RS840N4AIF Руководство по эксплуатации онлайн [34/82] 801710
Желілік розеткадан ажыратқан кезде әрқашан ашасынан
ұстаңыз және желілік баусымынан тартпаңыз.
Осы аспаптың пластикалық бөлшектерінің жанына ыстық
заттарды қоймаңыз.
Тамақ өнімдерін артқы қабырғадағы ауаны шығару
саңылауына қарама-қарсы қоймаңыз.
Алдын ала оралған мұздатылған өнімдерді өнімдер
өндірушінің ұсыныстарына сәйкес сақтаңыз.
Өнімдерді сақтауға қатысты аспап өндірушісінің ұсыныстарын
қатаң түрде орындаңыз. Осы нұсқаулықтың тиісті бөлімдерін
қараңыз.
Газдалған немесе көпіршікті сусындарды мұздатқыш
камераның ішіне қоймаңыз, себебі бұл ыдысқа қысымды
күшейтеді және жарылыс тудыруы және аспапты зақымдауы
мүмкін.
Мұздатылған өнімдерді мұздатқыш камерадан алғаннан кейін
бірден тұтынған кезде олар суықпен күйіп қалуды тудыруы
мүмкін.
Аспапты тікелей күн сәулесінің астында орнатпаңыз.
Аспапты өртемеу үшін жанып тұрған шырағдандарды,
шамдарды және басқа ашық от көздерін одан қашық ұстаңыз.
Аспап үйде қолдану үшін әдеттегі аспап ретінде өнімдерді
және/немесе сусындарды сақтауға арналған.
Аспап ауыр. Оны жылжытқанда абай болыңыз.
Мұздатқыш камерадан заттарды сулы немесе дымқыл
қолмен қозғалтуға немесе ұстауға болмайды. Бұл терінің
зақымдануына және / немесе суық күйікке алып келуі мүмкін.
Аспаптың негізін, оның жәшіктерін және есіктерін тіреуіш
немесе ұстағыш ретінде пайдаланбаңыз.
Бір рет жібітілген өнімдерді екіншілік мұздатуға болмайды.
Мұздатқыштан мұз текшелерін алғаннан кейін бірден оны
тамаққа қолданбаңыз сіз аузыңызды немесе ерініңізді
суықпен күйдіріп алуыңыз мүмкін.
Заттардың құлауын және жарақаттануды немесе аспаптың
зақымдануын болдырмас үшін тоңазытқыштың бүйірлік есік
сөрелері артық жүктемеңіз және жәшіктерге өнімдерді көп
салмаңыз.
Бұл тоңазытқыш кіріктірме аспап ретінде қолдануға
арналмаған.

Содержание

Похожие устройства

Скачать