Galaxy Line GL2643 [26/34] Жұмысқа дайындау

Galaxy Line GL2643 [26/34] Жұмысқа дайындау
KAZ
26
26
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Басқару панелі
1. Дайындау бағдарламаларының
индикаторлары
2. Дисплей
3. «Кейінге қалдырылған бастау»
атқарымының бастауы
4. «МИНУТ» батырмасы
5. «САҒАТ» батырмасы
6. «Қолдау t˚/ Доғару»
атқарымының түймесі
7. «Бастау» атқарымының түй месі
8. «УАҚЫТ» батырмасы
9. «ТЕМПЕРАТУРА» батырмасы
10. «МӘЗІР» батырмасы
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Электр құралын барлық қаптаушы
материалын алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз. Бұйымның
және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Қақпақты ашыңыз, дайындауға
арналған тостағанды және ондағы барлық керек-жарақтарды шығарыңыз.
Тостағанды және басқа да керек-жарақтарын жуғыш құралды қолданумен
жақсылап жуыңыз.
Тостағанның күйікке қарсы жабынын бүлдірмеу үшін оны сілтілі ерітіндіде,
ыдыс-аяқ жуатын машинада жумаңыз, қаттты өткір заттарды, сонымен бірге
күйдіргіш немесе қажақты тазартқыш құралдарды қолданбаңыз. Барлық
керек-жарақтарды құрғатып сүртіңіз. Тостағанды жалпы көлемінен 80%-
ға толтырыңыз. Тостағанды электр құралына орналастырыңыз, қақпақты
жабыңыз, «КӨЖЕ» бағдарламасын таңдаңыз және «БАСТАУ» батырмасын
басыңыз. Уақыт санағы тостағанның ішіндегі температура қажетті мәнге
жеткен кезде басталады (8 беттегі кестеде көрсетілген). Дайындау уақыты
аяқталғаннан кейін құралды желіден ажыратыңыз. Тостағандағы су суыған
кезде, оны төгіңіз. Электр құралы қолдануға дайын.

Содержание

Похожие устройства

Скачать