Galaxy Line GL3030 [18/26] Электр құралын дымқыл шаң және майланған орындарға тура

Galaxy Line GL3030 [18/26] Электр құралын дымқыл шаң және майланған орындарға тура
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4.11 Өнімнің ақаулары анық немесе күдікті болған жағдайда, өнімді диагно-
стикалау және жөндеу бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
4.12 Күйіп қалуларды болдырмау үшін құралдың қыздырғыш элементіне
жанаспаңыз.
4.13 Жұмыс кезіндегі аздаған шу қалыпты құбылыс болып табылады. Бұл
шу техникалық болмай қалмайтын болып табылады және ыдыстың түріне
байланысты болады.
4.14 Электр құралын газ плиталарының және жылытқыштардың маңында
қолданбаңыз және оны ыстық беттерге қоймаңыз.
4.15 Қуат беру баусымын ширатпаңыз және оны электр құралының кор-
пусын айналдыра орамаңыз.
4.16 Қызып кетуін болдырмау үшін бос ыдысты іске қосылып тұрған электр
құралына қоймаңыз.
4.17 Плиткада дайындау үшін қызуға төзімсіз материалдардан жасалған
саңылаусыз ыдыстарды немесе ыдыс-аяқты, түбі жазық емес металл ыды-
сты қолданбаңыз.
4.18 Желдеткіш саңылауларын жаппаңыз.
4.19 Электр құралына салмағы 8 кг асатын ыдысты қоймаңыз.
4.20 Электр құралын ағын судың астында жумаңыз. Желдеткіш
саңылауларға сұйықтықтың тиіп кетуіне жол бермеңіз.
4.21 Бұйымның жұмысы кезінде жерге тұйықталған заттарға жанаспаңыз
(мәселен, құбыржолдарға, жылыту радиаторларына, газ плиталарына,
тоңазытқышқа).
4.22 Беттерінде жарықшақтар мен сызаттар байқалған жағдайда қысқа
тұйықталуға жол бермеу үшін электр құралын тез арада желіден
ажыратыңыз.
4.23 Дайындау режимдерінің жұмысы аяқталғаннан кейін желдеткіштің
жұмысы әлі де бірақ уақыт жалғасады. Электр құралын пайдалану мерзімін
ұзарту үшін оны электр желісінен ажыратпаңыз, желдеткіштің өз жұмысын
аяқтауын тосыңыз.
4.24 Ыдысты алу кезінде қысқыштарды қолданыңыз.
4.25 Электр құралын дымқыл, шаң және майланған орындарға, тура
күнсәулесі түсетін аймақтарға, сонымен қатар ыстыққа төзімділігі нашар
беттерге және бөлмелерден тыс жерлерге орнатпаңыз.
4.26 Құрылғыны тек қатты тегіс көлденең беттерге қабырғалар менүстелдің
жиектерінен 20 см қашықтықта орнатыңыз.
4.27 Құрал сыртқы таймерден немесе қашықтықтан басқарудың жеке
жүйесінен жұмыс істеуге арналмаған.
4.28 Қуат беру баусымын қызу көзінен, майдан және өткір заттардан алыс
ұстаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать