Galaxy Line GL4635 [12/19] Сақтық шаралары

Galaxy Line GL4635 [12/19] Сақтық шаралары
12
12
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Біз Сізге артқан сеніміңіз үшін алғысымызды айтамыз және Сіздің сатып алған
техникаңызға көңіліңіз толатындығына сенімдіміз. GALAXY LINE техникасы Сіздің
үйіңізде жайлылық атмосферасы мен қолайлылықты орнату үшін жасалған.
Құралды қолдану алдында біз Сізге аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
барлық тармақтарымен мұқият танысып шығуды ұсынамыз.
Құралды сатып алу кезінде оның жұмысқа қабілеттілігіне, механикалық
бүлінулердің жоқтығына көз жеткізу, сонымен қатар, сатушы ұйым
мөртабанының бар екендігін, сатылған күнін және сатушының қолтаңбасын,
құралдың корпусындағы сериялық нөмірге дәл сәйкес келетін үлгінің нөмірі
мен сериялық нөмірін және жиынтығын тексеру қажет.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек келесі
шарттарды сақтаған кезде ғана кепілдік беріледі:
1. Құралды қуат беру көзіне қосудың алдында желі параметрлерінің 220- 240
В ~ 50 Гц мәндеріне сәйкес келетіндіктеріне көз жеткізу қажет.
2. Стационарлық сымдарды оқшаулағыш қорғалған болуы керек, мәселен,
тиісті температуралық көрсеткішпен оқшаулағыш түтікпен.
3. Құралды желіден ажырату кезінде баусымнан емес, ашадан ұстау керек.
4. Құралды егер ол қолданылмаса әрдайым желіден ажыратып отыру керек.
5. Сонымен қатар құралды кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда және
жұмыс аяқталғаннан кейін желіден ажырату керек.
6. Қуат беру баусымын электр құралының корпусы мен тұтқасын айналдырып
орамаңыз.
7. Қуат беру баусымының құралдың ыстық бөліктеріне жанасуына жол
бермеңіз.
8. Қуат беру баусымының және құралдың бүтіндігін қадағалау қажет. Құралды
бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
9. Қуат беру баусымы бүлінген кезде қауіптерге жол бермеу үшін оны дайын-
даушы немесе оның агенті, немесе аналогтік біліктік тұлға ауыстыруы керек.
Қуат беру баусымын ауыстыру қолданыстағы тарифке сай авторландырылған
сервистік орталықта жүзеге асырылады.
10. Электр құралын егер жану немесе жарылыс қаупі бар болса, мәселен тез
тұтанушы сұйықтықтар мен газдардың жанында қолданбаңыз.
11. Балаларға құралға тіпті ол егер сөндірілген және желіден ажыратылған
болса да жанасуға болмайды. Балалар құралмен ойнауға жол бермеу үшін
қарауда болулары керек.
12. Жұмыс істеп тұрған электр құралының жанында балалар мен жануарлардың
болуларын болдырмаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать