Galaxy Line GL4702 [17/22] Мүмін ол қауіп төндірмейді және құралдың бұзылу белгісі болып табылмайды

Galaxy Line GL4702 [17/22] Мүмін ол қауіп төндірмейді және құралдың бұзылу белгісі болып табылмайды
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (ол бар
болған кезде) алып тастаңыз;
ЕСКЕРТУ! Қаптау материалдарын (пластик пакеттер, полистирол және т.б.)
қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін балалардың қолы жетпейтін жерлерде
қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар бар болған кезде) және
электр құралының тұтқасындағы (3) бұйымның сериялық нөмірімен жапсырманы
міндетті түрде орнында сақтаңыз!
6.2 Қуат беруші баусымды (7) толықтай тарқатыңыз;
6.3 Құралдың тұтқасын (3) және жұмыс бетін (2), саптамалар мен қысқышты (13)
дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
6.4 Құралды құрғатып сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды бірінші рет іске қосу кезінде иіс пайда болуы
мүмін. Ол қауіп төндірмейді және құралдың бұзылу белгісі болып табылмайды.
Іске қосудан кейін бірнеше минут өткен соң иіс жоғалады.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Жалпы ұсыныстар
Шаш бұйралағышты қолданудың алдында шаштарды сусабынмен жуыңыз және
оларды кептіріңіз. Құралды тек құрғақ шаштарға ғана қолданыңыз.
7.2 Алынбалы саптамаларды орнату
Саптаманы шешу үшін саптаманы бекіткішті (14) саптамадағы символ
бекіткіштегі (14) символға сай келетіндей етіп бұраңыз. Оны тұтқадан (3)
қарама-қарсы жаққа тарта отырып, саптаманы ажыратыңыз;
• Саптаманы орнату үшін, саптамадағы символ бекіткіштегі (14) символға
сай келетіндей етіп бекіткішпен (14) қосып, оны тұтқаға (3) қойыңыз. Бекіткішті
(14) бұраңыз, саптамадағы символды бекіткіштегі (14) символға үйлестіріңіз.
7.3 Конустық саптаманы 9-19 мм және бұйралауға арналған саптаманы
10 мм қолдану
• Қуат беруші баусымның (7) ашасын электр желісінің розеткісіне қойыңыз.
• Ажыратқышты (5) «І» күйіне ауыстырыңыз. Жұмыс индикаторы (4) жанады;
• Құрал максималды қызу температурасына дейін жетуін шамамен екі-үш ми-
нуттай тосыңыз;
• Сәнге келтірудің алдында шаштарды тараңыз және оларды жеке тұтамдарға
бөліңіз;
Ескерту – Жеке тұтамдарды бекіту қолайлылығы үшін шаш қыстырғыштарды
немесе қысқыштарды қолдануға болады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать