Haier HCE430RF [13/28] Азық түліктерді мұздату

Haier HCE380RF [13/28] Азық түліктерді мұздату
KZ
13
Мұз қабаты 5-6 мм жеткенде, аспапты еріту керек.
Егер өндіруші немесе уəкілетті қызмет көрсету орталығы өндірмеген немесе ұсынбаған болса,
аспаптың қабырғаларын мұздан тазарту үшін үшінші тараптың электрлік, үшкір немесе
механикалық заттарын пайдаланбаңыз,
Аспаптың ішкі қабырғаларынан мұзды кетіру үшін, пластиктен немесе ағаштан жасалған үшкір
жиексіз қырғышты пайдаланыңыз. Металл қырғышты пайдаланбаңыз.
ЕРІТУ
Келесі əрекеттерді орындаңыз:
1. Аспаптың желіден ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
2. Мұзбен байланыста болған кезде теріге зақым келтірмеу үшін, қолыңыздың құрғақ екеніне
көз жеткізіңіз (қолғапты пайдалану ұсынылады).
3. Барлық мұздатылған тағамдарды камерадан алып, оларды контейнерге
немесе тоңазытқыш сөмкеге салыңыз, мұздатылған блоктарды немесе мұз кесектерін төмен
температураны ұстап тұру үшін, арнайы орамаларға салыңыз, контейнерді немесе тоңазытқыш
сөмкені құрғақ, салқын бөлмеге орналастырыңыз.
4. Аспаптың төменгі жағында орналасқан су төгетін саңылау тығынын алыңыз (бар болса). Кері
жағдайда аспап камерасының түбіндегі еріген суды ысқышпен немесе сүлгімен сүртіп алыңыз.
5. аспаптың ішкі қабырғаларынан мұзқақты абайлап алып тастап, оны еріту үшін раковинаға
салыңыз.
6. Аспап камерасының ішін мұқият тазалаңыз, жылы сумен шайыңыз жəне төгілген сұйықтық
немесе тамақ қалдықтарын алып тастаңыз.
7. аспапты сіңіргіш шүберекпен немесе ысқышпен құрғатыңыз, желдету үшін 3-4 минутқа
қалдырыңыз.
8. Су төгетін саңылау тығынын (бар болса) орнына қойыңыз.
9. Тоңазытқыштың қақпағын жауып, қорек айырын желіге жалғап, аспапты қосыңыз.
10. Азық-түлікті тоңазытқашқа қайта салыңыз.
Өнімдердің еруіне жол бермеу үшін, еріту процедурасын екі сағаттан асырмай орындау керек,
өйткені мұздатылған тағам температурасының едəуір жоғарылауы олардың сақтау мерзімінің
төмендеуіне əкелуі мүмкін.
АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ МҰЗДАТУ
функциясын (бар болса) қосу ұсынылады.
Сатып алынған терең мұздатылған өнімдердің сақтау мерзімі өнімнің түріне жəне оның
қаптамасына байланысты өзгеруі мүмкін. Əрқашан өндірушінің пакетте көрсетілген нұсқауларын
қатаң сақтаңыз.
ТҰРАҚТЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Əрбір техникалық қызмет көрсету немесе аспапты тазалау алдында оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Егер аспапты ұзақ уақыт бойы пайдалану жоспарланбаған болса,
жағымсыз иіс пайда болмауы үшін, қақпақты ашық қалдырыңыз.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
1. Есік ауыр ашыла ма?
Есікті жапқан соң, есік келесі бірнеше минут ішінде ауыр ашылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай
жəне есік тығыздағыштарының дұрыс жұмыс істеуін көрсетеді. Бірнеше минут күте тұрсаңз, сіз
есікті əлдеқайда оңай аша аласыз.
2. Аспап жұмыс істемейді/салқындамайды.
Электрқоректің өшірілмегеніне көз жеткізіңіз.
Қорек штепселінің зақымдалмағанына жəне розеткаға мықтап салынғанына көз жеткізіңіз.
,спаптың қақпағы мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз.
Аспаптың ішкі қабырғаларында мұз тым көп емес екеніне көз жеткізіңіз.
аспаптың тікелей күн сəулесінің немесе жылу көздерінің əсеріне ұшырамайтынына көз
жеткізіңіз.
Аспапқа көп мөлшерде жылы өнімдер салынбағанына көз жеткізіңіз.

Содержание

Похожие устройства