Panasonic ES-LV6U-K820 [65/80] Ескерту

Panasonic ES-LV6U-K820 [65/80] Ескерту
65
Қазақша
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сыртқы торша жүйесіне күшпен баспаңыз. Сондай-
ақ, пайдалану кезінде сыртқы торша жүйесіне
саусақтармен немесе тырнақтармен тимеңіз.
Бұл өнімді шашта, баста немесе дене басқа
жерінде пайдаланбаңыз.
Әйтпесе, тері зақымдануына немесе сыртқы торша
жүйесінің пайдалану мерзімі қысқаруы мүмкін.
Пайдаланудан алдын сыртқы торша жүйесі
жарықтарын немесе деформацияланғанын
тексеріңіз.
Бұлай істемеу теріге жарақат тигізуі мүмкін.
Келесі сақтық шараларын ескеріңіз
Қуат айырына немесе құрылғы ашасына
металл заттардың немесе қоқыстың
жабысуына жол бермеңіз.
Әйтпесе, қысқа тұйықталу себебінен ток соғуы
немесе өрт шығуы мүмкін.
Электрұстараны отбасыңыздың мүшелеріне
немесе басқа адамдарға қолдануға бермеңіз.
Бұл жұқпалы ауруға немесе қабынуға әкеп соғу мүмкін.
Зарядтамаған кезде адаптерді розеткадан
ажыратып қойыңыз.
Бұл талаптар сақталмаған кезде оқшаулаудың
нашарлауы себебінен ток соғуы немесе өрт
шығуы мүмкін.
Алып тасталған аккумуляторды қоқысқа лақтыру
ҚАУІПТІ
Қайта зарядталмалы аккумулятор тек осы
құрылғыда пайдалануға арналған.
Аккумуляторды басқа өнімдерде пайдаланбаңыз.
Өнімнен алғаннан кейін аккумуляторды зарядтамаңыз.
Отқа лақтырмаңыз немесе қыздырмаңыз.
Соқпаңыз, бөлшектемеңіз, өзгертпеңіз немесе
тырнақпен теспеңіз.
Аккумулятордың оң және теріс
клеммаларының металл заттар арқылы бір
біріне тиюіне жол бермеңіз.
Аккумуляторды алқалар сияқты металл
зергерлік бұйымдармен және түйреуіштермен
бірге алып жүрмеңіз немесе сақтамаңыз.
Аккумуляторды тік күн жарығы немесе басқа
жылу көздерінің маңайы сияқты жоғары
температуралар әсер ететін жерде
пайдаланбаңыз немесе қалдырмаңыз.
Ешқашан түтікті кеспеңіз.
Әйтпесе, қызып кетуі, тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Қайта зарядталмалы аккумуляторды алғаннан кейін
балалар және нәрестелер жететін жерде сақтамаңыз.
Кездейсоқ жұтылса, аккумулятор денені
жарақаттайды.
Егер бұл орын алса, бірден дәрігерге барыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать