Brayer BR4975 Руководство по эксплуатации онлайн [35/40] 803036

Brayer BR4975 Руководство по эксплуатации онлайн [35/40] 803036
35KZ
Қабылдау элементіне тікелей күн сәулесінің түсуін
болдырмаңыз, себебі бұл жағдайда басқару пәр-
мендерінің жалған қосылуы мүмкін.
Егер сіз қашықтан басқару пультін (17) пайдалан-
басаңыз, оны қашықтан басқару пультін орнату (6)
орнына салыңыз.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Желдеткіштің негізін (1) тегіс, құрғақ және орнықты
бетке орнатыңыз.
Желдеткішті жұмсақ беттерге, мысалы, ұзын түкті
кілемге, диванға немесе төсекке орнатуға тыйым
салынады.
Қуат сымының ашасын электр розеткасына са-
лыңыз, осы ретте индикация панелінде (3), циф-
рлық таңбалармен (15) үй-жайдағы ауа температу-
расын көрсетіледі және таңбасы (14) «ºС» жанады.
Ескертпе: температураның цифрлық көрсеткіштері,
басқа термометр көрсеткіштерінен біраз өзгеше бо-
луы мүмкін.
Желдеткішті қосу/ажырату және ауа ағынының
жылдамдығын таңдау
Желдеткішті қосу үшін басқару панеліндегі (4)
батырманы (5) «ҚОСУ/СӨНД» « » ннемесе
қашықтан басқару пультіндегі (17) батырманы (20)
«ҚОСУ/СӨНД» басыңыз, осы ретте желдеткіш қо-
сылады.
Желдеткішті сөндіру үшін басқару панеліндегі
(4) батырманы (5) «ҚОСУ/СӨНД» « » немесе
қашықтан басқару пультіндегі (17) батырманы (15)
«ҚОСУ/СӨНД» басыңыз, бұл ретте желдеткіш сөн-
діріледі.
Басқару панеліндегі (4) батырманы (10) «ЖЫЛ-
ДАМДЫҚ» « » немесе қашықтан басқару пуль-
тіндегі (21) батырманы (17) «ЖЫЛДАМДЫҚ» басу
арқылы, сіз индикация панелінде (3) индикатор-
лармен (13) « » көрсетілетін ауа ағыны-
ның жылдамдығын таңдай аласыз:
- « » ауа ағынының төменгі жылдамдығы;
- « » ауа ағынының орташа жылдамдығы;
- « » ауа ағынының жоғарғы жылдамдығы.
Ауа ағыны типін таңдау
Басқару панеліндегі (4) батырманы (9) «ҮРЛЕУ»
« » немесе қашықтан басқару пультіндегі (17)
батырманы (22) «ҮРЛЕУ» басу арқылы, ауа ағыны
типін таңдаңыз.
Ауа ағыны типі индикация панеліндегі (3) индика-
торлармен (12) « - - » көрсетіледі:
- « » қалыпты режим - жай желдету;
- « » бриз - табиғи желді, ауа ағынының қарқын-
дылығын имитациялайтын жел режимі, жеңіл
желден қатты екпінді желге дейін абыл-сабыл
өзгеріп отырады;
- « » «түнгі», ауа ағынының жылдамдығы біртін-
деп артады және біртіндеп төмендейді.

Похожие устройства