Brayer BR3335 [21/28] Қауіпсіздік шаралары және пайдала ну бойынша нұсқаулық

Brayer BR3335 [21/28] Қауіпсіздік шаралары және пайдала ну бойынша нұсқаулық
21KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛА-
НУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құралды пайдаланар алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң,
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құралды дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып саналмайды.
Түзеткіш тек құрғақ және аздап дымқыл шашты
түзету үшін арналған суланған шашты немесе
синтетикалық парикті түзету үшін құралды пайда-
ланбаңыз.
Заттаңбада көрсетілген құралдың жұмыс кернеуі
электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз.
Егер сіз ұйқылы-ояу күйде болсаңыз, құралды
пайдаланбаңыз.
Құралды үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
Найзағай кезінде құралды пайдалану ұсыныл-
майды.
Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
Желіге қосылған түзеткішті қараусыз қалдыр-
маңыз.
Құралды жылытатын аспаптардың, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей қасында пайда-
ланбаңыз.
Құралды аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
Құралды ас үй раковинасына жақын, жуынатын
бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су толты-
рылған сиымдылықтарға жақын жерде пайдалан-
баңыз.
Құралды ванна қабылдау кезінде пайдаланбаңыз.
Суға толы ваннаға немесе қолжуғышқа түсіп кете
алатын жерлерде құралды іліп қоймаңыз және
сақтамаңыз, құрал корпусын, желі бауын немесе
желілік баудың айырын суға немесе кез-келген
басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Құрал суға құлап кеткен жағдайда дереу желілік
баудың айырын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құралды судан алып шығуға
болады.
Желі бауыының ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.
Құралды пайдаланып болғаннан кейін немесе
тазалау алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Құралды электр желісінен ажыратқан кезде тек
желілік баудың айырынан ұстаңыз және оны
электрлік розеткадан абайлап шығарыңыз, желі
бауынан тартпаңыз — бұл оның зақымдануына
әкелуі және қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.

Похожие устройства

Скачать