Haier HOQ-K2ANN3GB [60/79] Автотазалау

Haier HOQ-K2ANN3GB [60/79] Автотазалау
19
7.
Автотазалау
Мүмкіндігінше ласты қолмен кетіріңіз. Бүйір қабырғаларын тазарту үшін
сөрелер мен сөре тіректерін алыңыз. Су тазарту функциясы тұмшапештің
қуысын бумен тазартуды қамтамасыз етеді. Тазалау тиімділігін арттыру
үшін бұл функция құрылғы салқындағаннан кейін іске қосылуы керек.
Көрсетілген уақыт функцияның жұмыс уақытына байланысты және
пайдаланушының қуысты тазартуға кететін уақытын қамтымайды.
1. Тұмшапештің түбіне 200 мл су құйыңыз
2. аква тазалау функциясын таңдаңыз, температураны 110°C етіп
орнату үшін мәндерді таңдау реттегішін бұраңыз.
3. Пісіру уақытын 20 минутқа қойыңыз.
4. Бағдарлама аяқталғаннан кейін дыбыстық сигнал беріледі.
5. Тұмшапештің ішкі беттерін қажамайтын губкамен сүртіңіз. Пеш қуысын
тазарту үшін жылы суды немесе пештерге арналған арнайы жуғыш
заттарды қолдануға болады.
Тазалағаннан кейін тұмшапештің есігін шамамен 1 сағатқа ашық
қалдырыңыз. Құрылғының толық кебуін күтіңіз. Кептіруді тездету үшін,
тұмшапешті шамамен 15 минут бойы 150 °C температурада ыстық
ауамен жылытуға болады. Тазалау функциясының максималды әсерін
алу үшін функция аяқталғаннан кейін құрылғыны қолмен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Жұмыс кезінде пештің есігін ашпаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
Қолды қорғау үшін қуыстың бетін губкамен тазалаған кезде жылу
оқшаулағыш қолғап киіңіз.
8.
Қамырды толықсытуға арналған функцияны пайдалану
Бұл функцияны пісірер алдында қамырды толықсыту үшін пайдаланыңыз.
Қажет болса қамырды бірнеше толықсытуға болады.
МАҢЫЗДЫ!
Қамырды өсіру үшін төмен температура қажет.
Пеш сіз орнатқан температурада автоматты түрде жұмыс істейді.
Бұл функция пештің қуысы салқындаған кезде ғана қолдануға
жарамды.

Содержание

Похожие устройства