Haier HVX-W682CB [37/38] Кепілдік талоны

Haier HVX-W682CB [37/38] Кепілдік талоны
КЕПІЛДІК ТАЛОНЫ
Құрметті сатып алушы!
Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao, Қытай мекенжайында орналасқан Haier Корпорациясы бұл құрылғыны пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда жоғары сапасы мен
мінсіз қызмет ететініне кепіл болады. Тұрмыста қолдануға арналған тұрмыстық техниканың ресми жарамдылық мерзімі: бұйым соңғы тұтынушыға берілген күннен бастап теледидар, микротолқынды пешке – 5 жыл, планшеттік
компьютерлер, ноутбуктар және телевизиялық приставкаларға – 3 жыл, шаңсорғыштарға – 4 жыл, мобильді телефондар мен гироскутерлерге – 2 жыл, басқа тауарларға – 7 жыл. Өнімнің жоғары сапасын есепке алғанда
пайдаланудың нақты мерзімі ресмиден айтарлықтай артып кетуі мүмкін. Бұйымның қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстар жүргізу және ұсыныстар алу үшін Хайер авторландырылған серіктестігіне
жүгінуді ұсынамыз. Бүкіл өнім пайдалану жағдайларын есепке алумен жасалған және техникалық талаптарға сәйкестікке тиісті сертификаттаудан өткен. Түсінбестік болмау үшін сатып алған кезде пайдалану туралы
нұсқаулықты, кепілдік бойынша міндеттеме шарттарын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз. Бұл бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер сіз сатып алған бұйым арнайы орнату мен қосуды
қажет етсе, Haier-дің Авторланған серіктесіне жүгінуге кеңес береміз.
Haier Корпорациясы бұйымнан кемшілік табылған жағдайда тұтынушы талабын қанағаттандыру бойынша тұтынушы құқығын қорғау туралы бекітілген қолданыстағы заңнамаға, басқа нормативті актілерге сай жауапкершілікті
мойнына алатынын растайды. Бірақ Haier Корпорациясы төменде аталған шарттар сақталмаған жағдайда кепілдік бойынша және қосымша сервистік қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті және қосымша сервистік қызмет көрсетудің шарттары
Haier Корпорациясы тұтынушыға тауарды берген күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімін белгілейді және тауарды тұтынушыға берген күннен бастап 36 ай ішінде қосымша сервистік қызмет көрсетеді*.
Ықтимал түсінбестіктің алдын алу үшін бұйымды сатқанда берілген құжаттарды (тауарлық чек, кассалық чек, пайдалану бойынша нұсқаулық) қызмет көрсету мерзімі аяқталғанша сақтаңыз. Бұйымға қосымша сервистік қызмет
көрсету— Өндірушінің кінәсінен бұйымда пайда болған ақауларды тұтынушы үшін тегін жою. Бұл қызмет бұйым иесі тауарлық және кассалық чектерді, бұйымды сатып алу дерегін растайтын басқа құжаттарды ұсынғанда
ғана көрсетіледі.
Кепілдік бойынша сервистік қызметті тек Haier-дің Авторланған серіктестері көрсетеді. Авторланған серіктестер туралы ақпаратты Haier ақпараттық орталығына мына нөмірлерге қоңырау шалу арқылы ала аласыз:
88002504305
Ресейдегі Тұтынушылар үшін (Ресей өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
81080020001706
Беларусьтегі Тұтынушылар үшін (Беларусь өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
немесе www.haier-europe.com сайтынан немесе help@haieronline.ru. электронды поштасына сұраным жіберу арқылы.
Авторланған серіктестердің дерегі өзгеруі мүмкін, анықтау үшін Haier ақпараттық орталығына жүгініңіз.
Кепілдікті және қосымша сервистік қызмет мыналардың салдарынан ақау пайда болған бұйымдарға көрсетілмейді:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;
— бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу;
— тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын және электрлік қосылуларды бұзу, сонымен қатар Бұйымды монтаждауға құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
— пайдалану бойынша нұсқаулық талап еткен жағдайда Бұйымға уақытылы техникалық қызмет көрсетілмегенде;
— су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;
— бұл бұйым типіне жарамайтын жуғыш құралдар қолдану, сонымен қатар жуғыш құралдардың кеңес берілген мөлшерін асырудан;
— бұйымды ол арналмаған мақсатта қолданудан;
— үшінші тұлғалардың әрекеттері: уәкілеттігі жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген құрылымдық немесе сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
— қуат беру желілерінің стандарттары мен нормаларынан ауытқығаннан;
— еңсерілмейтін күш әрекеттерінен (апат, өрт, найзағай және т. б.);
— жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттерінен;
— бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жәндіктердің, жәндіктердің тіршілік әрекеттерінің өнімдерінің түсуінен пайда болған бұзылулар анықталса;
— су жылытқыштың толтырылмаған/ толық толтырылмаған багының іске қосылуының салдарынан термоқорғаудың іске қосылуы.
Кепілдік бойынша және қосымша қызмет көрсету жұмыстардың келесі түрлеріне қатысты болмайды:
— бұйымды пайдаланатын жерде орнату және іске қосуға;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беруге;
— бұйымды сыртынан немесе ішінен тазартуға.
Төменде аталған шығын материалдары мен аксессуарларға кепілдік бойынша және қосымша сервистік қызмет көрсетілмейді:
— ауа баптағыштарға арналған сүзгілер;
— кір және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, суды жеткізу/ағызуға арналған құбыршектерге;
— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, шөткелер, саптамалар, шаң жинағыштар, сүзгілер;
— микротолқынды пештерге арналған тәрелкелер, істекшелер, торлар, табақшалар және қойғыштар;
— сүзгілер, иіс сіңіргіштер, шамдар, сөрелер, тартпалар, бұйым қойғыштар және тоңазытқышта азық-түлік сақтауға арналған басқа ыдыстар;
— басқару пульттері, аккумулятор батареялары, қуаттау элементтері, сыртқы қуат блоктары және қуаттау құрылғылары;
— бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.
Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру және т. б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Әзірлеуші үшін аспапты сәйкестеуді, салдарынан кепілдік бойынша қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді. Құрылғыдан зауыттық сәйкестендіру тақталарын алып тастауға тыйым
салынады. Зауыттық тақтайшалардың зақымдалуы не болмауы кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.
*қосымша сервистік қызмет көрсету электрлі су жылытқыштар, қысқа толқынды тұмшапештер, HRB-331 модельді тоңазытқыштар, мұздатқыштар, газ плиталар, шаңсорғыштар, робот-шаңсорғыштар, теледидарлар, теледидар
сүйенішін, планшеттік компьютерлер, ноутбуктар, мобильді телефондарды, гироскутерлерді қамтымайды.

Содержание

Скачать