Galaxy Line GL6223 [20/25] Шаңсорғышпен жұмыс кезінде үзілістер уақытында түтіктің төменгі

Galaxy Line GL6223 [20/25] Шаңсорғышпен жұмыс кезінде үзілістер уақытында түтіктің төменгі
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы материа-
лын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз.
Қүрал бөлшектелген күйде жеткізіледі. Жиынтықты тексеріңіз және
механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіңіз. Корпусты алдымен
дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз
6.1 Шаңсорғышты кұрастыру
6.1.1 Икемді құбыршекті, телескоптық түтіктерді және саптама-
ларды қосу
Иілгіш құбыршектің ұштығын ауа жинағыш саңылауға қойыңыз
бекітілгенше дейін. Иілгіш құбыршекті шешу үшін бекіткішке басыңыз
және оны ажыратыңыз. Иілгіш құбыршекті шешу үшін иілгіш құбыршектің
ұштығын сағат тіліне қарсы бұраңыз және оны ажыратыңыз. Икемді
құбыршекті телескоптық ұзартқыш түтікке қойыңыз. Телескоптың түтіктің
төменгі бөлігін қажетті ұзындыққа жылжытыңыз. Қажетті саптамаманы
(еденге/кілем жабындарына арналған шөткені немесе біріктірілген шөткені)
таңдаңыз және саптаманы телескоптың ұзартқыш түтікке қосыңыз.
6.1.2 Еденге/кілем жабындарына арналған әмбебап шөтке
Ажыратқышты қажетті күйге орнатыңыз (тазалау жүргізілетін беттің түріне
байланысты).
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Электр құралын пайдалану
7.1.1 Жұмысты бастау алдында желілік баусымды қажетті ұзындыққа
тартыңыз және желілік баусымның айырын электр резеткіге қойыңыз.
Желілік баусымдағы сары белгі баусымның максималды ұзындығы жөнінде
ескертеді. Қуат беру баусымын қызыл белгіден асырып тартуға тыйым
салынады.
7.1.2 Шаңсорғышты қосу үшін түймені басыңыз.
7.1.3 Егер перделеулерді, шағын кілемшелерді, перделерді, кітаптарды,
жиһаздарды тазалау кезінде сорғыш күшті кеміту қажет болса, ауа ағынын
реттеуішті саңылаудың толық ашылуына дейін жылжытыңыз.
7.1.4 Сонымен бірге сору қуатын іске қосу/ажырату батырмасымен
қиыстырылған электрлі қозғалтқыштың қуатын реттегіштің көмегімен
реттеуге болады. Реттеуішті жоғары біркелкі айналдыру қозғалтқыштың
айналымдарын арттырады, төмен - кемітеді.
7.1.5 Жұмыс аяқталғаннан кейін шаңсорғышты түймеге баса отырып
сөндіріңіз және желілік баусымның айырын электр резеткіден шығарыңыз.
Желілік баусымды орау үшін түймені басыңыз және ұстап тұрыңыз.
7.1.6 Шаңсорғышпен жұмыс кезінде үзілістер уақытында түтіктің төменгі
бөлігіндегі ойықты шаңсорғыш корпусының артындағы тиісті ойықтарға қоя
отырып, шөткелерді орнатуға арналған орынды қолданыңыз. Шаңсорғышты
жылжыту үшін тұтқаны қолданыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать