Samsung HW-B650 [117/125] Жаңарту процедурасы

Samsung HW-B650 [117/125] Жаңарту процедурасы
KAZ - 34
Жаңарту процедурасы
Маңызды: Жаңарту функциясы барлық
пайдаланушы параметрлерін жояды.
Параметрлерді жаңартқаннан кейін оңай
бастапқы қалпына қайтаруға болатындай етіп
жазып алуға болады. Микробағдарламаны
жаңарту нәтижесінде сабвуфер байланысы да
бастапқы қалпына қайтарылатынын ескеріңіз.
1. USB флэш картасын компьютердегі USB
портына қосыңыз.
Маңызды: USB флэш картасында музыка
файлдарының жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Әйтпесе микробағдарлама
жаңартылмауы мүмкін.
2. Веб-сайтқа өтіңіз (samsung.com)
«Модель нөмірін енгізіңіз» тармағын
таңдаңыз да, Soundbar моделін енгізіңіз.
Нұсқаулар мен жүктелімдерді таңдап, ең
соңғы бағдарламалық құрал файлын
жүктеп алыңыз.
3. Жүктеп алынған бағдарламалық
жасақтаманы сақтау құрылғысына сақтап,
қалтаны мұрағаттан шығару үшін
“Осында шығару” опциясын таңдаңыз.
4. Soundbar құрылғысын өшіріп,
бағдарламалық жасақтамасы бар USB
жинақтауышын USB портына қосыңыз.
5. Soundbar құрылғысын қосып, сигнал көзін
USB“ режиміне өзгертіңіз. 3 минут ішінде
UPDATEжазуы көрсетіледі де, жаңарту
басталады. Жаңарту аяқталғанда,
Soundbar автоматты түрде өшіп,
қосылады.
6. Үстіңгі панельдегі (Дыбыс деңгейі)
түймесін 5 секунд басыңыз. Дисплейде
INITжазуы пайда болады да, Soundbar
өшеді. Жаңарту аяқталды.
Бұл өнімде DUAL BOOT функциясы бар.
Кіріктірілген ішкі бағдарламаны
жаңарту жүзеге аспаса, оны қайта
жаңартуға болады.
7. Soundbar құрылғысындағы
параметрлерді қалпына келтіріңіз.
UPDATE көрсетілмесе
1. Soundbar құрылғысын өшіріп, жаңарту
файлдары бар сақтау құрылғысын
Soundbar құрылғысының USB портынан
ажыратып, оған қайта жалғаңыз.
2. Soundbar қуат сымын ажыратып, оны
қайта қосыңыз да, Soundbar құрылғысын
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
Soundbar қолдау көрсететін аудио файлдар
сақтау құрылғысында сақталған болса,
жаңартылған кіріктірілген ішкі бағдарлама
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Жаңа нұсқалар қолданылып жатқанда,
қуат көзін ажыратуға немесе USB
құрылғысын алуға болмайды. Кіріктірілген
ішкі бағдарламаны жаңарту процесі
аяқталған соң, негізгі құрылғы автоматты
түрде өшеді.
Жаңарту аяқталғаннан кейін, Soundbar
құрылғысындағы пайдаланушының
реттеуі параметрлерді бастапқы қалпына
қайтаруға болатындай етіп
баптандырылады. Жаңарту процесінен
кейін параметрлерді оңай қалпына келтіру
үшін, оларды жазып алғаныңыз жөн.
Жаңартылған кіріктірілген ішкі
бағдарлама сабвуфер байланысын да
қалпына келтіретінін ескеріңіз.
Сабвуфермен байланыс жаңарту
процесінен кейін автоматты түрде
орнатылмаса, 16-бетті қараңыз.
Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту
жүзеге аспаса, сақтау құрылғысында
ақаулық бар-жоғын тексеріңіз.
Mac OS пайдаланушылары USB пішімі
ретінде MS-DOS (FAT) пішімін пайдалануы
тиіс.
Сақтау құрылғысының өндірушісіне
байланысты USB арқылы жаңарту
қолжетімді болмауы мүмкін.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Не могу включить саудбар
5 месяцев назад