Samsung ME81MRTB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [43/80] 803507

Samsung ME81MRTB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [43/80] 803507
Қазақ - 3
01 ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғыны үйде ғана пайдалану керек және
төмендегі жерлерде пайдалануға болмайды:
дүкендердің ас бөлмелерінде, кеңселерде және
басқа жұмыс орындарында;
ферма үйлерінде;
қонақ үйлердің, мотельдердің және басқа
тұрғынды жерлердің қонақтары;
таңғы ас және төсекпен қамтамасыз ететін
қонақжайлар.
Микротолқынды пештерде қолдануға жарамды
ыдыс-аяқтарды ғана қолданыңыз.
Тағамды пластик немесе қағаз сауыттарға салып
қыздырған кезде, пештен көз алмаңыз, себебі
бұлар тұтап кетуі мүмкін.
Бұл микротолқынды пеш тағам және сусын
ысытуға арналған. Тағам немесе киім кептіру және
жылытқыш төсеніштерді, аяқ киімдерді, жөкелерді,
дымқыл киімдерді немесе сол сияқты заттарды
кептіргенде, жарақат алу немесе өрт шығу қаупі
бар.
Егер түтін байқалса (шықса), құрылғыны сөндіріңіз
немесе тоқтан ағытыңыз және жалынды басу үшін
есікті ашпаңыз.
Сусындарды микротолқынды пеште қыздырған
кезде кенет тасып төгілуі мүмкін, сондықтан
сауытты ұстаған кезде абайлау керек.
Баланы тамақтандыратын шөлмектің және балалар
тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін берер
алдында араластыру немесе шайқау керек және
күйіп қалмас үшін температурасын тексеру керек.
Микротолқынды пеште қабығы аршылмаған және
бітеулей пісірілген жұмыртқаларды қыздыруға
болмайды, себебі микротолқынмен қыздырып
болғаннан кейін де жарылып кетуі мүмкін.
Пешті мезгіл-мезгіл тазалап, тағамның
қалдықтарын алып отыру керек.
Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп,
уақытынан бұрын істен шығып, қатерлі жағдайлар
орын алуы мүмкін.
Микротолқынды пешті тек ас үй қаптамасының
үстіне (жеке қойып) қойып пайдалану керек,
микротолқынды пешті жиһаздың ішіне қоюға
болмайды.
ME81K_ME81M_ME81A_BWT_DE68-04286A-04_RU+UK+KK+UZ_F.indb 3 2019-11-23  3:14:43

Содержание

Скачать