Samsung HW-S60B [123/140] Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер

Samsung HW-S60B [123/140] Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер
KAZ - 30
Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер
Bluetooth байланысы арқылы қосылу үшін жаңа құрылғыны 1 м шеңберінде
орналастырыңыз.
Bluetooth құрылғысын қосқан кезде PIN кодын енгізу қажет болса, <0000> енгізіңіз.
Soundbar құрылғысы дайын күйде 18 минуттан кейін автоматты түрде өшіріледі.
Soundbar құрылғысы келесі жағдайларда Bluetooth арқылы іздеуді немесе қосылуды дұрыс
атқармауы мүмкін:
Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болған жағдайда.
Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысымен үздіксіз жұптасқан жағдайда.
Bluetooth құрылғысы өшірулі, орнында емес немесе ақаулықтар болған жағдайда.
Электрондық құрылғылар да радиокедергілердің пайда болуына себеп болады.
Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электрмагниттік толқын
шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.
Soundbar құрылғысы SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.
Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосылыңыз.
Soundbar құрылғысын тек HF атты дауысты байланыс) функциясын қолдайтын Bluetooth
құрылғысына қосуға болмайды.
Soundbar құрылғысын Bluetooth құрылғысына қосқан кезде, оларды бір-біріне
мүмкіндігінше жақын орналастырыңыз.
Soundbar құрылғысы мен Bluetooth құрылғысы неғұрлым бір-бірінен алыс болса, дыбыс
сапасы соғұрлым төмен болады. Bluetooth байланысы құрылғылар қосыла алатын аймақтан
тыс болғанда үзілуі мүмкін.
Bluetooth байланысы нашар аймақтарда дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Bluetooth құрылғысы келесі жағдайларда шуды немесе ақаулықты сезуі мүмкін:
Дене Bluetooth құрылғысындағы немесе Soundbar құрылғысындағы сигнал
трансиверімен жанасқан кезде.
Бұрыштарда немесе жақын жерде электрлік өзгерістер болуы мүмкін қабырға немесе
аралық қабырға сияқты кедергі болған кезде.
Радиокедергілердің медициналық жабдық, микротолқынды пештер және сымсыз LAN
құрылғылары сияқты жиіліктер диапазондарында жұмыс істейтін басқа құрылғылармен
әсер еткен кезде.
Есіктер мен қабырғалар сияқты кедергілер, құрылғылар тиімді ауқымда болса да, дыбыс
сапасына бұрынғысынша әсер етуі мүмкін.
Bluetooth опциясын пайдаланған кезде, Soundbar құрылғысын басқа Bluetooth
құрылғыларымен жұптастыруға болмайтынын ескеріңіз.
Бұл сымсыз құрылғы пайдалану кезінде электр кедергілерін туғызуы мүмкін.

Содержание

Скачать